- Негізгі бет
- Сән
- Берет – романтикалық...
Берет – романтикалық бас киім
Көбіміз мектепте оқып жүргенде бас киім киюді ұнатпай, үйден шыға сала сөмкеге тығып тастайтынбыз. Ал есейе келе бас киімдердің түр-түрі шығарылып, таңдауға мол мүмкіндік барын білдік. Соның ең танымалы беретка саналады. Беретка таңдағанда және кигенде қандай қателіктер жібермеу керек, осы жайлы бірер кеңес.
1. Берет – бұл шындығында романтикалық бас киімдер қатарына жатады. Сондықтан оны өкшесіз етікпен, былғары күртешемен және джинсымен киюге болмайды. Пальто, өкшелі етік және юбкамен кисеңіз қатып кетеді.
2. Аңыз болған Бонни мен Клайд гангстерлік жұптағы Боннидің беретіндей жүн матадан жасалған классикалық модельдерді таңдауға тырысыңыз. Бұл фасондағы береттер кез келген түр-әлпетті әдемілеп жібереді.
3. Көлемді тоқылған береттерді маңдайға түсірмей, желкеге қарай майыстырып киген дұрыс.
4. Шашыңызды береттің астына жинап тастамаңыз, тым құрығанда, кекіл қалдыруға тырысыңыз. Көптеген дизайнерлер беретті жайылған шашқа киюді ұсынады.
5. Аксессуарларды беретке сәйкестендіріп тағу міндетті емес. Алайда аксессуар киген киімге, не аяқ киімге сәйкес болуы міндетті.
6. Жиын кештерге романтикалық көйлегіңізге қосымша сәнді берет (жұқа иірілген жіптерден тоқылған, пайтектермен сәнделген немесе кестелі) киіп алсаңыз да болады. Осы тұста ең қайталанбас стильді ханым атағы өзіңізге бұйырып тұрғанына күмәндаңбаңыз.
Дереккөз: aikarakoz.kz
Г. Берік