Қалыңдық киімі: Фата таққыңыз келмесе

Қалыңдық киімі: Фата таққыңыз келмесе
Фото: amur.kz

Фата — той көйлегінің ажырамас бөлігі секілді көрінгенімен, фатасыз да әдемі қалыңдық бола аласыз. Дизайнерлер ұсынатын той көйлектері топтамасының ішінде міндетті түрде фатасыз той көйлегінің үлгісі болады.

Қазақ үйлену тойларында фата беташар рәсімі кезінде керек болады, ал негізінен беташар кезінде орамал қолданған абзал. Қазақ келіндері көбіне беташар кезінде фата емес орамал қолданады.

Неке қию кезінде де мешіт ішінде орамал тағып алсаңыз болады. Қазақ салтынан аттамаған, инабатты келін екеніңіз көрінеді.
 
Фата жараспайды немесе бұл аксессуарға іштей қарсылық білдіріп, бас тартсаңыз, онда қалыңдық образы толық ашылуы үшін фата орнына гүл, диадема, ободок, торы бар шағын ғана шляпа, вуаль немесе моншақтармен шашты әшекейлеуге кеңес береміз. Қазіргі кезде тірі гүлдерден шашқа тағатын гүл десте (венок) жасау да өте сәнде. Әдемі нәзік гүлдерден өзіңізге жарасатындай етіп сәндетіп киюге де болады.




@. @assel_assanova