Сән-2016: Макияж

Сән-2016: Макияж
Фото: saniyamakeup.kz

Сән әлемінде макияж да өз бағытын өзгертіп отырады. 2016 жылы макияждың қандай түрлері күтеді және қалай бояну керек деген сұраққа осы материалда жауап беретін боламыз. Соңғы кездері макияж жасауда табиғи сұлулық сәнге айналды.

Бет. 2016 жылы бет макияжы мінсіз тері жасауға негізделеді. Бұл жерде мінсіздік әсері "суреттелген" күңгірт жүзбен еш қатысы жоқ. Көптеген визажистердің айтуынша, күңгірттік артта қалып қойды, қазір сәнде сау беттің табиғи жарқырауы сәнде (майлы жылтырмен шатастырмаңыз). Табиғатта тегіс күңгірт тері болмайды. Егер сау бетке қарасақ, ол сәл қызарып, жарқырап, терінің "тірі" екені көрініп тұрады. Ал тегіс күңгірт тері "қуыршақ" секілді түр береді.

Қас. Жалпақ қастар сәнде қала береді. Бастысы, жалпақтығын шектен тыс үлкейтіп жібермеу қажет. Бетіңіздің келбетін және ерекшелігін ескеру қажет. Яғни, қасты максимум түрде жалпақ ету міндет емес, формасы өзіңізге жарасып тұрса болғаны. Егер қасыңыздың формасы немесе түсі өзіңізге ұнамаса, арнайы маманнан кеңес сұрағаныңыз жөн.

Көз. 2016 жылы көз макияжы табиғат шашыраңқылығын көрсететін болады. Сондықтан көз бояуда сізден мінсіздікті талап етпейді. Мамандардың айтуынша, қазір әйелдерге өздеріне қарауға уақыт азайып барады. Себебі, өмір жылдамдай түскен сайын, соншалықты ұйымшылдықты талап етеді. Соған байланысты сәнде  көзге арналған ақшыл сары түсті (кремовый) далаптар болады. Бұл түспен классикалық және басқа да макияж түрлерін жасауға болады. Көздің үстін қарындашпен сызу сәнде қала береді. Ал көздің астын қара қарындашпен сызу артта қалады. Сонымен қатар сәнге әр түрлі түсті тушьтер келеді. Олардың көмегімен бірнеше минутта ерекше макияж жасауға мүмкіндік болады. 

Ерін. 2016 жылы ерінге екпін беруден қорықпаңыздар. Ерінді ашық түспен бояу макияж жасауда уақытты азайтады. Ол  көзді тіптен боямау деген сөз емес. Жеңіл күндізгі макияж жасап, ерніңізді ғана ашық түспен бояп үйлестіру қажет. 2016 жылда ерінге жағатын далап түсі киіммен сәйкес болуы сәнге айналмақ. 

А. Жапатова