Спорттық киім: кештерге, серуенге және жұмысқа

Спорттық киім: кештерге, серуенге және жұмысқа

«Спорт – бұл өмір», – деп санайды салауатты өмір салтын ұстанатындар. «Спорт – бұл тренд», – дейді дизайнерлер және деп қана қоймай, сол салауатты өмір салтын қуатындарға сәнді шортылар, кроссовкалар мен толстовкалар шығарады. Мұндай сән тек фитнес-клубта ғана өтімді деп санайсыз ба? Қателесесіз! Спорттық үлгідегі киімдерді кештерге де, серуендеуге де, тіпті жұмысқа да киіп барып, сәнді көрінуге болады.

Лондондағы Олимпиада ойындарының нағыз қызған кезінде көптеген дизайнерлер спорттық үлгідегі киімдерді шығаруға шабыттары ашылған екен. Солардың жеңіл қолымен гардеробымызда бомбер, рюкзактар мен бұлықты шалбарлар пайда болды. Модельерлер спорттық үлгідегі киімдерді барынша сәнді етуге тырысып арулардың бар талғамына жағуға тырысқан: кроссовка болса – танкеткалы, козырек болса – онда бүгінде танымал пластиктен жасалған. Осыған ұқсас образ жасағыңыз келсе, мынадай кеңестерге құлақ түріңіз:

  • Спорттық үлгідегі киімдер мен аксессуарларды бірге тағып алмаңыз. Мұндай бейне тек жаттықтырушы немесе фитнес-нұсқаушыға жарайды. Және тек жұмыс орнында ғана.
  • Бүрмелі, шілтер және банттарға жоқ деңіз. Спорттық үлгі мұндай нәзіктікпен үйлеспейді, бірақ классикамен «дос». Әдемі қайық ойық немесе қарандаш-белдемше образға нәзіктік қосады.
  • Спорттық сәнді киімді спорт дүкенінен іздеудің қажеті жоқ. Ол жақтан танкеткадағы кроссовка немесе бұлықты шалбар табамын деп ойламаңыз. Спортшылардың киімі мен көшеге спорттық киіммен шығу – екі бөлек нәрсе.

 

Кешке

Клубқа немесе кешке баратын болсаңыз, «бір ғана спорттық бөлшек» деген ережені ұстанбасаңыз болады. Ең бастысы – нәзіктік пен спорттың арасындағы теңдікті бұзып алмасаңыз болды. Егер мини-белдемше мен топ кисеңіз, аксессуарларыңыз спорттық үлгіде болуы керек (мысалы, козырек немесе танкеткалы кроссовка).

1. Diesel жейдесі; 2. Finn Flare козырегі; 3. Білезік Giles & Brother; 4. Белдемше Amaya Arzuaga; 5. Танкеткалы кеды Loft; 6. Roberta di Camerino сөмкесі

Серуенге

Кейде дұрыс образ жасау үшін бір ғана бөлшек жеткілікті. Мысалы, бұлықты шалбарды алайық. Егер оны кроссовка және майкамен кисеңіз, олимпиада құрамасының спортшысы екен деп қалады. Ал егер шалбарды қайық ойық топпен және көлемді алқамен кисеңіз, сәнді образ жасайсыз.

1. MARYAM KEYHANI алқасы; 2. Alexander Konasov футболкасы; 3. New Look шалбары; 4. Trussardi сөмкесі; 5. Туфли Liska

Офиске

Классикалық қарандаш-белдемше мен жейдені бомбермен киюге болады. Бейнеңіз толыққанды болу үшін туфлиді тұрақты жеңіл аяқ киіммен алмастырыңыз, ал классикалық сөмкені – рюкзакқа немесе ұзын баулы кішкене сөмкеге алмастыруға болады.

1. Бомбер River Island; 2. Lafaette сөмкесі; 3. Anna Pires жейдесі; 4. Белдемше Mango; 5. Босоножка Susana Traca

Суреттер: woman.ru, vashstilist.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina