- Негізгі бет
- Сән
- Қыс сәні—2015: Жағалы...
Қыс сәні—2015: Жағалы жемпір
Хиппи немесе диско стильдерінің басты белгісі — жағалы жемпір. Оны пальтоның ішінен ғана киіп қоймай, мерекелік кештерге, кездесуге, жұмысқа, күнделікті сабаққа киіп баруға болады. Ең бастысы, суық ауа райында тәнді жылытады.
Осыдан 40 жыл бұрын жағалы жемпірлер кең балақ шалбармен жақсы үйлесетін. Ол шалбарларды дәл қазір де киюге болады әрі аяқтың бар кемшілігін жасырады. Күнделікті өмірде жағалы жемпірлер бойфренд джинстармен, oversize пальтосымен, микросөмкемен, қалпақпен, ақ жейдемен әдемі көрінеді.
Мәңгілік образ: жағалы жемпір мен трапеция мини белдемшесі. Осы маусымда қысқа ғана жырығы бар белдемшені қалың колготкімен киюіңізге болады. Бұдан өзге жағалы жемпірді міндетті түрде түймелі белдемшемен киіп көріңіз. Оның матасы күдері немесе джинс болғаны жақсы.
Жағалы жемпірді миди белдемшесімен де киюге болады. Бірақ ол айтарлықтай әдемі көрінбеуі мүмкін. Бұл былғарыдан тігілген трапеция немесе плиссе белдемшесі болуы мүмкін.
Ал сіз жағалы жемпірді қандай киімдермен үйлестіресіз?
Қ. Бүйенбай