«Беу, қыздар-ай» байқауы: Келіп түскен суреттер топтамасы #3

«Беу, қыздар-ай» байқауы: Келіп түскен суреттер топтамасы #3
Фото: қатысушылар архивінен

Әр қыздың өзіне тән сұлулығы, кербездігі, көркемдігі бар. Барлық қыз өзінше сұлу, өзінше сүйкімді. Сұлулардың ішіндегі ең сұлуды таңдау оңай шаруа емес. Алайда Массагет сайты үздік жобасын қолға алып отыр. 17 қараша студенттер күніне орай еліміздегі ең сұлу студент қызды анықтап, қазақ қыздарының өзіне деген сенімділігін арттырып, талғамын жоғарылату мақсатында «Беу, қыздар-ай» студент арулар байқауын жариялайды.

Байқауға қатысушылардан келіп түскен суреттер легін назарларыңызға ұсынып отыратын боламыз. Бүгінгі шығарылымдағы аруларымыз  Аружан Сайлауова және Марина Аманжолова.

Аружан Сайлауова — Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туып өскен. Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінің 10 сынып оқушысы. Хоббиі суретке түсу, ән айту және ағылшын тіліндегі кітаптар оқу. Болашақта белгілі әнші және сәнбике болуды армандайды.

 
 
 
 
 
 
Марина Аманжолова  Атырау облысының тумысы. Дәл қазіргі уақытта Исатай ауданы, Аққыстау селосы, Аққыстау орта мектебінің 11 сынып оқушысы. Болашақта журналист болуды армандайды. Бос уақытында табиғат аясында серуендегенді және әдеби кітаптарды оқығанды жақсы көреді. Сүйікті ақын-жазушылары: Абай Құнанбайұлы, Мұқағали Мақатаев, Мұқтар Шаханов, Шерхан Мұртаза, Шыңғыз Айтматов, Карнеги Дейл, Коэльо Пауло, Роберт Кийосаки, Эрих Мария Ремарк.

 
 
 
 
 

Конкурсқа қатысу үшін 2015 жылы 6 қарашаға дейін суреттеріңізді Massaget.kz@gmail.com поштасына «СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫ» деген тақырыппен жіберу қажет.

Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласа аласыздар: +7 727 388 81 18, +7 778 533 22 93 немесе Massaget.kz@gmail.com

Қазақ қыздарының барлығы ең сұлу деген атқа лайық. Өзіңізге сенімді болып, тартынбай тырысып көріңіз, байқаудан тыс қалмаңыз! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді.

А. Жапатова