- Негізгі бет
- Сән
- «Беу, қыздар-ай» студент...
«Беу, қыздар-ай» студент арулар байқауы
Қазақ қыздары әлем бойынша ең сұлу қыздардың көшін бастап тұрғанын бірнеше жыл бұрын данышпан ғалымдар ғылыми тұрғыда дәлелдеген. Әр қыздың өзіне тән сұлулығы, кербездігі, көркемдігі бар. Барлық қыз өзінше сұлу, өзінше сүйкімді. Сұлулардың ішіндегі ең сұлуды таңдау оңай шаруа емес. Алайда Массагет сайты үздік жобасын қолға алып отыр. 17 қараша студенттер күніне орай еліміздегі ең сұлу студент қызды анықтап, қазақ қыздарының өзіне деген сенімділігін арттырып, талғамын жоғарылату мақсатында «Беу, қыздар-ай» студент арулар байқауын жариялайды.
Конкурсқа қатысу
Конкурсқа қатысу үшін 2015 жылы 13 қазан – 6 қараша аралығында Massaget.kz@gmail.com поштасына «СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫ» деген тақырыппен өтінім жіберу қажет.
Өтінімге мынадай мәліметтер қосу керек:
– өзіңіз туралы мәлімет (қатысушының аты-жөні, оқу орны, туған жері, хоббиі т.б);
– байланыс мағлұматы (байланыс нөмірі, поштасы, әлеуметтік желідегі парақшасы сілтемесі);
– кем дегенде 4 сурет.
Суреттерге қойылатын талаптар
Суреттер сұлулығыңызды айқындай алатын болуы тиіс және мынадай талаптар бойынша жіберіледі:
1. Портрет;
2. Бойымен түскен сурет;
3. Күз тақырыбына сай кейіп;
4. Жеке киіну стилі (әр түрлі стильде киініп, бірнеше сурет жіберсеңіз болады).
– Суреттеріңіз сапалы, яғни 2 Мпкс (1920*1080) кем болмау керек, JPG форматында болуы қажет;
– Байқауға сурет иесінің рұқсатын алып, құрбыларыңыздың, группаластарыңыздың, достарыңыздың, туыстарыңыздың суреттерін жіберуге де болады.
– Поштаға келген суреттер талаптарға сай іріктеліп, massaget.kz сайтына материал түрінде жарияланып отырады.
Конкурстың қазылар алқасы мен нәтижелері
Тәуелсіз әділ-қазылар («Алдаспан» тобының мүшесі – Дулат Жақсылықов, "Mezzo" тобының мүшесі – Асан Нұрберген, әнші – Әлібек Әлмәдиев, «Massaget.kz» порталының журналисі – Бауыржан Жақсымбет, «Vesti.kz» сайтының редакторы – Дмитрий Дубовицкий) келіп түскен суреттерді сараптайды, 7-8 қараша күндері қатысушылардың тең жартысы іріктеліп алынады.
Оқырмандар әділ-қазылар таңдаған қатысушыларды Массагет сайтындағы форум тұғыры және ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі бірлестік арқылы ұнатқан суреттеріне дауыс береді. Дауыс беру 9-15 қараша аралығында өтеді.
Ең үздік деп танылған төрт ару «Массагет көркі» атағына ие болады, яғни әр жеңімпаз фотосессияға түсу арқылы жылдың әр мезгілін дәріптейді. Олардың фотолары тақырыпқа сәйкес мақалалардың басты суретіне қойылады.
Дауыс беру 16 қараша күні тоқтатылады. 17 қараша күні студенттер мерекесі қарсаңында нәтижесін жариялаймыз.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласа аласыздар: +7 727 388 81 18, +7 778 533 22 93 немесе Massaget.kz@gmail.com
Қазақ қыздарының барлығы ең сұлу деген атқа лайық. Өзіңізге сенімді болып, тартынбай тырысып көріңіз, байқаудан тыс қалмаңыз! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді.
А. Жапатова