Той көйлегі: Қазақ жігіттері көзімен #2

Той көйлегі: Қазақ жігіттері көзімен #2
Фото: Қарлығаш Қалиева

Қалыңдық үшін ең басты да бас қатыратын іс – той көйлегін таңдау. Тіпті жігіті жоқ болса да, тойымда қандай көйлек киемін деп ойланып, үлгілерін алдын ала қарап жүретін қыздар аз емес. Ал бүгін Массагет бойжеткендеріне қызықты тақырып қозғау мақсатында осы мәселе жөнінде жігіттердің ойын сұрадық.

БАСЫ

Жолдас Өрісбаев: Той көйлегі жайында ойланып көрмеппін. Оны қалай суреттеуді де білмей отырмын. Қалыңдығымның той көйлегі өзіне жарасымды, қысқа емес, әппақ түсті болғаны жөн. Әрине, көйлек тойдың басты сәні болатыны анық, дегенмен мен үшін оның аса маңыздылығы жоқ. Тек ашық-шашық болмауы керек. Таңдар кезде бірге барайық деп қиылып тұрса, амал жоқ, барамын. Еуропаша үлгідегі көйлек алатын болармыз.

Ербол Молдажанов: Қалыңдығым түсі аппақ, етегі шұбатылған, қазақы үлгідегі көйлек кигенін қалар едім. Бірақ, қанша дегенмен, жарымның таңдауын да құптаймын, еуропалық үлгідегі көйлек кигісі келсе, қарсы болмаймын. Тек жабық болуын ескертемін. Өзі таңдайды, мен тойда бір көремін.

Ерболат Қанатбек: Қалыңдығымның көйлегін бірге таңдаймыз. Етегі шұбатылған, ақ түсті, қазақы үлгіде болғанын қалаймын.

Қайратбек Бекболсын: Етегі шұбатылған, шампан түсті, қазақи үлгідегі көйлекті бірге таңдаймыз. Оның талғамымен санасамын.

Шерхан Мұхтарұлы: Біз жақта (Маңғыстауда) беташарда қазақы нақышта киіндіреді, ал кешкі тойға қазақы көйлек киюге қалыңдығым көнбейтін шығар, «заманауи көйлек» киемін деп айтатыны айдан анық. Ал шетелдегідей қысқа үлгідегі ақ көйлек қазақ қыздарына жат. Қыз бала болғасын өзгелердің алдында киіп шығуға қысылып, ұялады ғой. Ұзын көйлек кигені дұрыс. Көйлекті бірге таңдаймыз ба, өзі шеше ме – уақыттың еншісінде.

Байқағандарыңыздай, көпшілігі киіміне аса мән бермейміз дегеннің өзінде, әркімнің талғамы әртүрлі. Бірі ұнатқан киімді екіншісі құптамайды. Сондықтан, құрметті қыздар қауымы, тойға сән беретін басты символымызды таңдар кезде күйеу жігітіміздің де көзқарасын елеусіз қалдырмайық.

Ал сіз қандай ойдасыз, оқырман?

@. @assel_assanova