- Негізгі бет
- Сән
- Аяқ киімнің теріден...
Аяқ киімнің теріден жасалғанын білу үшін
Аяқ киім алуда табиғи теріден жасалған түрін таңдау керек. Ол әрі ұзақ шыдайды әрі қымбат көрінеді.
Теріден жасалған аяқ киімді ажырату мүмкін бе?
1. Аяқ киімнің ішінде суреті бар кішігірім қағаз болуы мүмкін. Тері, ромб не тордың суреті болады. Тері – табиғи теріден жасалған аяқ киім екенін білдірсе, ромб – жасанды теріден, тор – матадан тігілгенін білдіреді. Кейде олардың орнына таңба, дөңгелек сынды ерекше белгілер болуы мүмкн. Олар да табиғи тері не матадан тігілгенін білдіреді.
2. Суреттен гөрі жазумен белгіленетін аяқ киімдер жиі кездеседі. Итальяның табиғи теріден жасалған аяқ киімінде "vera pelle", ағылшында "genuine leather", немісшеде "echtleder", ал француз аяқ киімінде "cuir" деген жазу болады.
3. Аяқ киімге алақаныңызды қойыңыз. Біраз уақыттан соң тері қызып, қолды жылыта бастайды. Ал жасанды тері еш өзгеріске ұшырамайды. Қолыңызды алған соң ылғал орын қалса, демек аяқ киім жасанды теріден тігілген.
4. Аяқ киімге бір тамшы су тамызып көріңіз. Табиғи тері суды бойына сіңіріп алса, жасанды теріден су сырғып кетеді.
5. Отты пайдалану. Табиғи теріден жасалған аяқ киім өртеніп кетпейді. Дегенмен бұл әдісті қолданбаған жөн. Теріден тігілген аяқ киім өртенбегенмен, шіріп бастауы мүмкін.
Ф. Абилова