Күзгі сән-2015: Тор жейде

Күзгі сән-2015: Тор жейде
Фото: rudaki.ru

Жаңа маусымда гардеробымызды жылы киімдермен, түрлі аксессуармен толықтырамыз. Мойынорағыш тағып, бәтіңке киеміз. Джинсы шалбарды түрлі кеудешемен үйлестіреміз. Мұнымен қатар, тор жейде бір маусымнан екінші маусымға ауысуға мүмкіндік береді.

Алматының көшелерінен адамдардың әртүрлі киініп жүргенін байқауға болады. Бірі қалың күрте кисе, енді бірі оны іскерлік костюммен алмастырады. Үшіншілері кардиган киіп жүреді. Етік пен туфлилер туралы да осыны айтуға болады. Яғни қандай киім киеріңізді білмей жүрген кезде тор жейде көмекке келеді. Оны футболканың сыртынан, етегін байлап кие аласыз. Бұдан өзге төмендегі суреттерден тор жейдені немен үйлестіріп киюге болатындығын білесіз.

Ал сіз тор жейдені немен үйлестіріп киесіз?

Қ. Бүйенбай