Күзгі сән-2015. Трикотаж көйлек

Күзгі сән-2015. Трикотаж көйлек
Фото: plus.google.com

2015 жылғы күз маусымының трендіне трикотаж көйлек те кірді. Ол өте ыңғайлы, әдемі және кез келген жастағы қыз-келіншекке жарасады.

Трикотаж көйлегіңіздің матасы жоғары сапалы болуы керек. Стильді, ерекше тұратын көйлекті тек қыдыруға емес, смарт кэжуал стилінде жұмысқа, оқуға да кие аласыз.

Сән дизайнерлерінің кеңесі бойынша, трикотаж көйлек ашық түсте болуы керек. Яғни өткен маусымдардың бірінде трендті түс болған жасыл, қоңыр, күлгін, көк, алқызыл реңктерін таңдау керек. Сонымен қатар көйлектің принтіне де назар аудару керек. Мұнда сізге этника, аңдар, геометрия, абстрактылы принттерді таңдауға кеңес береміз.

Биылғы маусымның тренді бойынша, трикотаж көйлектің тізеден төмен тұратын үлгісі сәнде. Ал жеңдерінің ұзындығы әртүрлі бола алады.

Күздің бастапқы, жылы кезінде көйлектің өзін кисеңіз, салқындаған кезде жеңсіз, кардиган не жакетпен киюге болады. Егер көйлегіңіз бір түсті болса, көлемді алқа мен білезік тағып алыңыз. Сонымен қатар күдері не былғарыдан жасалған белдік тағуға болады.

Трикотаж көйлекті биік өкшелі етік, ботфорта, тіпті кроссовкамен де үйлестіруге болады. Егер кроссовка не кеда таңдайтын болсаңыз, көлемді сөмке не рюкзак алуды ұмытпаңыз. Ал ботфорта не қарапайым етік кисеңіз, кросс боди сөмкесін (төмендегі суреттегідей) тағып алуыңызға болады.

Биыл сан түрлі киімдер мен аксессуарларды үйлестіруге болатын жыл екенін ұмытпаңыз. Сол себепті өзіңізге ұнаған стильді қалыптастырып, ерекшеленуіңізге болады. Іске сәт!

Ф. Абилова