Фитнеске арналған киім қандай болады?

Фитнеске арналған киім қандай болады?
Фото: plus.google.com

Денсаулығына мән беретін кез келген адам спортпен шұғылдануы керек. Аптасына бірнеше рет физикалық жаттығу жасап тұрсаңыз, көңіл-күйіңіз де көтеріңкі, деніңіз де сау болады.

Қазір көптеген адам фитнеске жазылады. Фитнес дегеніміз – спорттың бірнеше түрінің элементтерін қамтитын, сауықтыратын спорттық бағдарламалардың кешенді жиынтығы. Фитнеспен айналысудың басты мақсаты – дене мүсінін сымбатты етіп, денсаулықты нығайту.

Егер фитнеспен айналысуды шешіп, енді неден бастауды білмей жүрсеңіз, ең алдымен киім таңдау керек екенін қаперіңізге береміз.

Фитнеске арналған киім қандай болуы керек?

Бұл жағдайда байсалды шешім қабылдау керек. Себебі сіз қыдыруға, демалуға емес, спорттың белсенді түрімен айналысуға барасыз. Яғни:

– әртүрлі жаттығуларды орындауға бөгет етпеуі үшін киім ыңғайлы болуы керек;
– қабат-қабат киінбеңіз, әйтпесе ыстықтап, қиналасыз;
– дене «демалуы» керек. Жаттығу барысында терлейтіндіктен, киіміңіз дымқыл өткізе алатындай болуы керек;
– киім өзіңізге шақ болуы қажет. Қысып тұратын, өлшемі кішірек киім қимылдауға мұрша бермейді, ал тым үлкен киім жаттығуға кедергі келтіреді;
– киім әдемі болуы керек. Театрға барсаңыз да, спортзалға барсаңыз да, киіміңіз жарасымды болғаны жөн. Сол кезде өзіңізді еркін, сенімді ұстайсыз.

Киімнің матасы қандай болуы керек?

Фитнес, би, аэробика үшін арнайы материалдан жасалған спорт дүкендеріндегі киімдерді алуға болады. Олар денеге ауа өткізетіндей етіп тігіледі.

Мақта табиғи материал болса да, теріні су қылып, денеге жабысады. Әрі тез өңі бұзылып, түтігі шығып кетеді.

Сондықтан мақтадан гөрі спортқа арналған синтетикалық матадан жасалған киім таңдаңыз. Олар әрі созылмалы, әрі ұзаққа төзімді. Теріні өткізбей, құрғақ күйінде ұстап тұрады.

Әдетте дүкеннен эластан мен лайкрой маталарынан тігілген спорттық киімдер сатылады.

Не кию керек?

Үстіңізге:

– топ;
– футболка не майка;
– спорттық блузка киюіңізге болады.

Астыңызға:

кең етек шалбар;
спорттық шалбар;
леггинс;
бриджи;
шорты киюге болады.

Аяқ киім:

– чешки немесе арнайы шәркей;
– кеда;
– кроссовка.

Егер спорттың белсенді түрімен айналысатын болсаңыз, леггинс немесе шорты кигеніңіз абзал. Егер аса белсенді болмаса, кеңдеу спорттық шалбар киюіңізге болады.

Іске сәт!

Ф. Абилова