Жазғы сән: биркеншток сүйретпесі

Жазғы сән: биркеншток сүйретпесі
Фото: blogspot.com

Биркеншток – өкшесі жоқ сүйретпе. Ортопедиялық аяқ киім болғандықтан, ол тек сәнді емес, денсаулыққа да пайдалы. 

"Биркеншток атауы" Birkenstock неміс фирмасының құрметіне қойылған. Олар жүз жыл бойы Еуропада танымал болған ортопедиялық аяқ киім өндірумен айналысады. Одан басқа әлемде Papilio, Birki's, Footprints, Tatami,  Alpro, Betula мен Newalk сынды әйгілі брендтер де бар.

70-жылдары қоғам арасында салауатты өмір салты, денсаулық пен қоршаған ортаның тазалығы маңызды орын алғандықтан, биркеншток сандалдарының танымалдылығы артты. Өндірушілер аяқ киімді тігетін арнайы құрылғыларға тапсырыс берді.

Соңғы 25 жылда Кейт Мосс, Хлоя Севинья, Гвинет Пэлтроу, Жизель Бундхен, Миранда Керр сынды танымал жұлдыздар биркеншток аяқ киімін жарнамалап, күнделікті киетінін көрсеткен болатын.

Бұл аяқ киім міндетті түрде таза былғарыдан тігілуі керек.

Қазірде биркенштоктың сан түрлі үлгілері: түрлі-түсті а ля натюрель, декормен, декорсыз, жүнмен, классикалық және әртүрлі дизайнерлік нұсқасы бар.

Оны немен үйлестіріп киюге болады?

Биркенштокты орташа ұзындықтағы көйлектермен киюіңізге болады. Немесе кең не түзу тігісті шалбармен киіп, қатаң дресс-кодты сақтай аласыз.

Қарапайым, күнделікті образдағы үлгіде киінуіңізге болады. Жеңіл жейде, джинс шалбары мен биркеншток жақсы үйлеседі.

Сондай-ақ стрит стайл образын жасауыңызға болады. Ол үшін бойфренд жейдесін не шалбарын, жеңіл жакет, кең шалбар не белдемше, ұзын көйлек киіп, биркенштокпен үйлестіріңіз.

Сән әлемінің стандартты "әдемілікпен" үнемі жұптас болмайтынын осы аяқ киімге қарап айта аламыз. Дегенмен "бірінші байлық - денсаулық" демекші, ортопедиялық аяқ киім әсіресе қыз балалардың гардеробында болуы тиіс. Осыны ұмытпағайсыз!

Ф. Абилова