Сәнқой аруларға бірер кеңес

Сәнқой аруларға бірер кеңес
Фото: Данияр Шаймергенов

Сұлу, келбетті қыздар кейде «дұрыс емес» киініп алғандай көрінеді. Неліктен? Бұл біріншіден «моветон» яғни талғамсыз киіну болса, екіншіден сән сырларынан бейхабар болғандықтан.

Сол себепті бүгін назарларыңызға сәнді көрінудің сырларын ұсынамыз:

1. Қысқа аяқты ұзын етіп көрсету үшін ақшыл түсті туфли мен ұзындығы тізеге дейін келетін белдемше киюге болады.

2. Аяқтың толықтығын түзу келетін шалбар не джинс шалбары жасырады.

3. Егер беліңіз жіңішке, бөкселі болсаңыз, клеш джинс шалбары мен белдік тағуыңызға болады.

4. Ұсақ принт кішірейтсе, үлкен принт үлкейте түсетінін ескеріп жүріңіз.

5. Макси, яғни тізеден төмен келетін белдемше мен көйлектер бойыңызды аласа етіп көрсетеді.

6. Формасыз киім (балахонды кофталар, толстовкалар) кез келген денені ұсқынсыз етеді.

7. Жіңішке өкшелі, дөңгелек тұмсықты туфли аяқты кіші етіп көрсетеді.

8. Үшкір тұмсықты туфли аяқты үлкен етіп көрсетеді.

9. Қара колготка аяғыңызды арық, жіңішке етіп көрсетеді. Ал егер оны қара туфлимен кисеңіз, аяғыңыз ұзын болып көрінеді.

10. Ашық түсті колготкалар керісінше аяқты толық етіп көрсетеді. Алайда оны ақшыл түсті туфлимен кисеңіз ұзын болып көрінеді.

11. Денені көрсетіп тұратын блуза моветонға жатады. Ол ешқашан талғаммен киіну нормасына кірген емес, кірмейді де. Осыны есте сақтаңыз.

12. Егер киімдерді қалай үйлестіруді білмесеңіз, сәннің классикалық қағидаларына сүйеніңіз.

13. Образыңызда 3 түрлі түстен артық болмауы керек.

14. Шаш үлгіңіз гардеробыңыздағы барлық киімдеріңізбен үйлесімді болуы керек.

15. Киімге парфюм сеппеген абзал, себебі ол бір айға дейін сақталып қалуы мүмкін. Ал егер сіз басқа иісті пайдаланатын болсаңыз, иістер араласып кетеді.

16. Бас пішіні дөңгелек болып келетін аруларға V-пішінді ойығы бар футболка, кофта, көйлектер, ал дөңгелек пішінді ойық бас пішіні сопақтау келетін қыздарға жарасымды.

17. Тек бір стильге ғана байланып қалмаңыз, әйтпесе гардеробыңызда тек бір түсті киімдер жиналып қалады.

18. Ботфорт етіктері аяқты қысқа етіп көрсетеді.

19. Футляр көйлегі арық қыздарға да, толық қыздарға да бірдей жарасады.

20. Эксперимент жасауға жүрексінбеңіз. Біреудің «кеңесінен» гөрі сәнге қатысты энциклопедия, кітаптар немесе сайтымыздың «сән» айдарындағы кеңестерді оқып, соған сәйкес киініңіз. Себебі сіз еститін «саған жараспайды» деген жұрттың пікірі әдетте қызғаныш пен көре алмаушылықтың белгісі.

Ұқсас жазбалар:

Сән әліппесі: Талғамсыз киіну

Қыздың көзі - қызылда

Ф. Абилова