Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Сіз қандай ән тыңдайсыз?
Сіз қандай ән тыңдайсыз?

Автор: Жандарбек Жұмағұлов

Статус: Контент-менеджер

Ең бай адам болғыңыз келе ме?
Ең бай адам болғыңыз келе ме?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Танкеткалар - жаздың хиті

Танкеткалар - жаздың хиті

Танкеткалар - жаздың хиті

Биік өкше не платформадан жалықтыңыз ба? Ендеше нағыз жаздық аяқ-киім - танкетканы таңдаңыз. Жеңіл, ыңғайлы бұл аяқ-киім жаз маусымының ең сәнді трендтерінің бірі. Дұрыс таңдалған танкетка классикалық белдемшемен де, жаздық көйлекпен де, шалбар не шортымен де жарасады.

Ақ түс

Ақ түс қашанда жаздың ең сәнді түсі болып қала береді. Жаздың ыстық күндері ақ түсті киімді таңдауға тырыссаңыз, оған жарасатын мынандай танкеткалар таңдаңыз. Ақ, қоңыр, сарғыш қоңыр түсті аяқ-киім сізді сәнді етіп көрсетеді. Ағаштан жасалынғандай, не ерекше сәнделген танкеткалар ақ, ашық түсті киіммен әбден жарасады.

Африка 

Африка тақырыбы осы жазда ерекше танымалдыққа ие. Этникалық стильде орындалған әшекей бұйымдар, сөмкелер, аяқ-киімдер көзтартарлықтай көрінеді. Танкеткасы бисермен не өрілген жіппен әшекейленген аяқ-киім нәзік киімге жарасады.

Сolor block

Сolor block атты тренд осы маусымның хитіне айналған сияқты. Бірнеше түстің ерекше үйлесімі, кереғар түсті суреттер, түрлі түсті жолақтар, осының бәрі танкеткалы аяқ-киімде де орын алған. Жарқын түсті педикюр және жаздық көйлек кейіпіңізді толықтырады.

Сарғыш қоңыр

Сарғыш қоңыр - әмбебап түс. Бұндай түсті танкетка кез келген киімге жарасып кетуі тиіс. Ерекше әшекейлері жоқ, қарапайым танкетка жаз бойы аяғыңыздан түспеуі әбден мүмкін. Көйлекпен, жаздық сарафанмен, шорты, не шолақ шалбармен, белдемшелердің түр-түрімен кие аласыз.

Тығын табанды

Табаны тығыннан жасалынған аяқ-киім ең ыңғайлы болып саналады. Сондықтан ұзақ сапарларға осындай аяқ-киім киіп барғаныңыз дұрыс. 

Эспадрилья 

Эспадрилья аяқ-киімі екінің біріне жараса бермей, кейде аяқта дөрекі көрінеді. Алайда танкеткалы эспадрильялар нәзік көрініп, кез келген көйлек, шорты, тіпті классикалық шалбарлы костюммен де жарасып кетеді. Өрілген табанды аяқ-киім сөзсіз өте сәнді көрінеді. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: woman.ru, emarket.ua

2754 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 09 шілде 2012, 13:42
Пікірлер
+0
09 шілде 2012, 13:58

Өрілгені әдемі көрінеді

+0
09 шілде 2012, 13:59

Мынау танкетка емес, бұл платформа, жаным. танкетка деген табаны жерге тиіп, ал өкшесі қосылған болады.

+0
09 шілде 2012, 14:03

Қарасаңыз барлығының өкшелері бар, өкшелері қосылған, "сплошной"

+0
09 шілде 2012, 14:01

Бірнешеуі бар. Барлығы бірдей ыңғайлы бола бермейді. Жайлысын ғана киемін, бүгін де жұмысқа аппағын киіп келдім)))

+0
09 шілде 2012, 16:57

Осындай танкетка алып едім, бойым тым ұзын болып кетеді. Сатам, кім көргісі келеді? :)

+0
09 шілде 2012, 18:35

нағыз хит болып жатыр ғой :)

+0
09 шілде 2012, 20:17

шынымен бұларды танкетка демейді ғой, мен ылғи осындай платформа киемін

+0
10 шілде 2012, 10:25

Сolor blockтын барлык аяқ киімдері ұнайдыыыыыыыыыы ))) менде платформаларды жақсы көремін

+0
30 шілде 2012, 19:43

4 суреттеги жасыл танкетка унады маган :D

+0
30 шілде 2012, 20:52

кез келген жерге,жолға шыдамды аяқ киімдер. мен ә жыл бұрын алғаным алі бар,қырыда сырыда кетпеген. :)

+0
30 шілде 2012, 20:55

2 жыл бұрын дегенімгой :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...