Оқу бітіру кешіне арналған шаш үлгілері

Оқу бітіру кешіне арналған шаш үлгілері

Оқу бітіру кеші де, міне, жақындап қалды. Нәзік жандылар әдетте, бұл кешке бірнеше ай бұрын дайындалады. Сол себепті назарларыңызға бітіру кешіне арналған ең ұтымды шаш үлгілерін ұсынамыз.

Шашы ұзын арулар үшін:

Бұл үлгілер шашы қара, қоңыр және ашық қоңыр, сарылау келген шаштарға жарасары сөзсіз. Үш үлгіде де шашқа арналған әшекейлері бар. Сіз де дүкеннен көлемді (біреу) не кішілеу (бірнеше) бір әшекей немесе шеңбер (ободок) таңдап, алуыңызға болады.

Кекіліңіз бар болса ұзындау кекілді бұйралап, шетке жатқызуыңызға болады. Қысқа болса, түзулеп, орнында қалдыруыңызға болады.

Ұзын шашқа неше түрлі шаш үлгісін таңдап, жасауға болады. Суреттегідей грек үлгісі әлі күнге дейін трендте екенін естеріңізге сала кетейік.

Орта көлемдегі шаш үшін:

Бұл өте жинақы, әрі сәнді шаш үлгісі екеніне күмән жоқ. Кез келген түсті шашқа жарасатыны хақ. Өрім қарапайым болғандықтан, шашқа әсем әшекей таңдауға болады: гүл, жылтыр әшекейлер, көлемді түйреуіш, т.б.

Қысқа шаш үшін:

Шашты бас жағынан бастап бұйралап, түйреуіштермен (шпилька) сәнді етіп, түйреп, шашқа арналған нәзік түстегі гүл әшекейлерін тағуға болады. Бұл қысқа шашты өте тартымды, әдемі етіп көрсетеді. Суреттегідей сарғыштау, ашық қоңыр шашқа ақшыл, қызыл гүл жарасса, қоңыр, қара шашқа ашық түсті, көк немесе трендтегі сары түс жарасады. Алайда, әшекейдің түсін, түрін көйлегіңізге сәйкес етіп таңдауды ұмытпаңыз.

Сурет: Евгения Горобец, liveinternet.ru

Ұқсас жазба:

Түстерді үйлестіруді үйренейік

Ф. Абилова