- Негізгі бет
- Сән
- Көктемгі сән: "Lady...
Көктемгі сән: "Lady Like" стилі
Қыз баласының қыпша белін айқындай түсетін "Lady Like" стилі көп адамның талғамына сай келеді. Жаклин Кеннеди - аталған стильдің негізін салушылардың бірі. Ол француз отбасында тәрбиеленгендіктен, сіңлісі Ли екеуі жастайынан сән тарихына қанық болып өседі.
Адамдар АҚШ президентінің әйелі киіміне көп ақша жұмсайды деген пікірде болған екен. Алайда Жаклиннің таңдаған киімдері сол бағаға лайық болатын.
Көйлек - 13990 тенге
Күртеше - 16990 тенге
60-70 жылдары осы стильдің түрленуіне ат салысқан Олег Косине Жаклиннің бір өзіне 60-қа жуық көйлек тігіп берген екен. Осы ерекше көйлектерінің арқасында Жаклин барша әлемге танылды десек те болады. Журналистер мен сәнгер мамандар үнемі оның киімі мен акссесуарларын бақылап жүретін болған.
Бұл стильде киіну үшін міндетті түрде қалтамыз қалың болу керек деген сөз емес. Осы стильге сай киімдерді Mango бутиктерінен қолжетімді бағаға таба аласыз. Биыл күдері мата сәнде болады. Мұнымен қатар, оның қоңыр түсі қараторы қыздарға жарасады.
"Lady Like" стиліндегі ақ көйлек белді айқындап, оны кеңсеге киіп баруымызға мүмкіндік береді. Мұнымен қатар, артық аксессуардың қажеті де болмайды.
Сурет: Massaget.kz
Оқи отырыңыз:
Көктемгі сән: Этника элементтері бар Casuals стилі
Көктемгі сән: Smart casual стилі
Мэрилин Монроның үздік қанатты сөздері
Қ. Бүйенбай