Сән әліппесі: Кантри стилі (Western)

Сән әліппесі: Кантри стилі (Western)

Кантри стилі (Western) туралы сөз қозғағанда арқыраған асау жылқы, ковбой, кең етек белдемше, кең жиекті қалпақ көз алдымызға келеді. Кантри стилі еркіндікті қалайтындарға арналған.

Өткен ғасырдың 70-жылдары атақты кутюрьелердің қолынан шыққан кантри стиліндегі киімдер кеңінен таралды. Содан бері кантри дизайнерлердің сүйікті тақырыбына айналғандықтан, қайта-қайта сән подиуымына оралады.

Себебі былғары, күдеріден жасалған жилеттер мен шалбарлар, мақта матасынан тігілген тор көз жейделер, кестеленген кең етек көйлектер мен белдемшелер, жалпақ өкшелі етіктер мен бәтіңкелер күнделікті өмірде ыңғайлы ғана емес, сәнді болып көрінеді.

Ал түрлі нұсқадағы пончо бізді көктем мен күздің ызғарлы желінен қорғайды. Етегі бірнеше қабатталған көйлектер мен белдемшелер өзіміздің ұлттық көйлегімізге ұқсайтын болғандықтан, көзімізге ерекше ыстық көрінеді.

Аксессуарлары былғары, күдері, джинс, фетр, зығыр, жүн маталарынан және мельхиор, күміс, мыс металдарынан жасалады. Осы аксессуарларды әсіресе су жағасында демалған сәтте таққан орынды. Күдеріден жасалған бауларды сәнқойлар шашына байлауына болады.

Күдері мен былғарыдан жсалған шашақты сөмкелер әрбір бойжеткеннің серігіне айналған.

Western стилін қалай қолданамыз?

Weekend күндері саяжайға, ауыл, қала сыртына, су жағасына, т.б. демалысқа шыққанда кантри өте ыңғайлы. Ал күнделікті өмірде аталған стильдің бір элементін ғана пайдалану сіздің талғамыңыздың жоғары екенін көрсетеді.

Сурет: Тимур Утешбеков, blogspot.com

Оқи отырыңыз:

Көктемгі сән: Бойфренд жейдесі

"Mom jeans" сәнге қайта оралды

Сән әліппесі: Преппи немесе мектеп формасын сәнге айналдыру

Темпераментіңізге сай киіне аласыз ба? #2

Ф. Абилова