Көктемгі сән: Бойфренд жейдесі

Көктемгі сән: Бойфренд жейдесі

Оверсайз идеясы өмірге келгеннен бері барлық киімнің дерлік пішіні өзгерді. Денемен дене болып тұратын киімді үнемі кию жалықтырып жіберетін болар.

Биылғы трендте қыз-келіншектерге үлкен ағасының не әкесінің жейдесін киіп алған сияқты өте кең болып тұратын бойфренд жейдесі де бар. Бұл бір қарағанда спорттық стильге ұқсағанымен, оны да түрлендіріп, әртүрлі образ жасауға болады. Мысалы, қызуқанды холерик осындай жейдені классикалық шалбар, жұқа топтың сыртынан түймесін ағытулы күйде кие алады.

Ал кербездікті ұнататын сангвиник түймелері жартылай салынған бойфренд жейдені «қарындаш» белдемшемен, біз өкше аяқ киіммен үйлестіре алады. Қаласа тоғасы жалпақ белдік тағуына болады.

Дәл осындай образды аяқ киімнің жайлырақ түрімен флегматикке ұсынуға болады. Алайда консерватор флегматик мұндай жанға жайлы образға бір үйреніп алса, көпке дейін стилін өзгертпеуі мүмкін. Сондықтан олардың сәннің тек бір маусымға арналатындығын естерінде ұстағандары абзал.

Меланхолик аруымызға бойфренд жейдені жұқа көйлектің сыртынан киіп, беліне жұқа белдік таққаны жақсы жараса кетеді. Аксессуардан кішкене көлемдегі сөмке мен біз өкше аяқ киімді таңдағандары жөн.

Бойфренд жейдені mom jeans-пен киген көзге өте дөрекі көрінеді.

Қандай образды сомдасаңыз да, арудың басты қаруы нәзіктік екенін ұмытпаңыз!

Сурет: stylevoci.com

Оқи отырыңыз:

"Mom jeans" сәнге қайта оралды

Сән әліппесі: Преппи немесе мектеп формасын сәнге айналдыру

Темпераментіңізге сай киіне аласыз ба? #2

Темпераментіңізге сай киіне аласыз ба?

Ф. Абилова