Sandi Beksirga Массагеттен сән сабағын бастайды

Sandi Beksirga Массагеттен сән сабағын бастайды

Қазақстанда алғаш рет ашылған "Sandi Beksirga" Ұлттық стильдегі сән студиясы аз уақыттың ішінде отандық сән әлеміне қолтаңба қалдырып үлгерді. Салонның негізін қалаған қазақ қызы Сандуғаш Бексырға – халықаралық кәсіби тренер, мэйк-ап жасаудың мойындалған шебері.

Санди Бексырға ұлттық студиясы мектеп пен салоннан құралады. Мектебі халықаралық статус алған, осы мектептен түлеп ұшқан көп шәкірті бүгінде Қазақстанның ғана емес, әлемнің де түкпір-түкпірінде жұмыс істеп жатыр. Бұл жақта сұлулық сабақтары өзгеше өтеді. Сандуғаш айналасын тек шеберлігімен ғана емес, бауырмалдығымен де баурайды. Үйренем деген әр қызға мұқият мән береді. Алған асулары да аз емес. 

Қазақстандағы ұлттық, қазақы стильдегі алғашқы студия келген қонақтарды үлкен ықыласпен қарсы алып, қазақы дастарханнан дәм ұсынады. Ұлттық тағамдар: қымыз, шұбат, қазы, қарта, ірімшік, құрттың дәмін тек осы салоннан ғана тата аласыздар.

Қайрат Нұртас, Баян Есентаева сынды көптеген отандық жұлдызға да мэйк-ап жасайтын Санди өз жұмысын жанындай жақсы көреді. Салон ашуды көптен бері армандап, арманын шындыққа ұластырған қаршадай қазақ қызы бүгінде артынан ерген сіңлілерінің үлгісіне айналып үлгерді.

Санди Бексырға келесі аптадан бастап Massaget.kz порталынан сән сабақтарын бастайды! Ендеше, қапы қалмаңыз! 

Sandi Beksirga ұлттық студиясы ашылды

Sandi Beksirga Массагеттен сән сабағын бастайды (Видео)

Р. Роза