19 жастағы Эквадор аруы липосакциядан кейін қайтыс болды

19 жастағы Эквадор аруы липосакциядан кейін қайтыс болды

19 жастағы Катерина Канто 2014 жылы Эквадордағы "Reina de Duran - 2014" сұлулар сайысының жеңімпазы атанған еді. Тәжден бөлек, аруға көлік кілті, планшет және липосакция сертификаты тапсырылған болатын. Липосакция деген - дененің белгілі бір бөлігіндегі (қарын, бөксе, т.б.) артық майды хирургиялық жолмен алып тастайтын косметологиялық және бариатриялық операция. 

Ару азғантай артық салмақтан спортзалда жаттығу арқылы да арылуға болатынын айтып, ренішін білдірген. Бірақ қазылар алқасы бұл сыйлықтың Катеринаға ауадай қажет екенін мәлімдеген.  

Foxnews Latino порталының хабарлауынша, Канто сыйлықтың бұл бөлігін өзге бір қатысушыға ұсынуды жөн көрген, бірақ, сайысты ұйымдастырушылар сертификатты қыздың өзінде қалдырған. Хирургпен оңаша әңгімелескеннен кейін, тәж иегері операцияға келісімін берген. Бірақ операция барысында дәрігердің қателігінен Катеринаның миы ісіп, оқыс дүние салады.

Аурухана қызметкерлері Кантоның жүрегі тоқтап қалды деп түсіндірген. Тек отбасы заңгерінің іске араласуынан соң, ажалдың шын себебі анықталған. Операцияны жасаған дәрігерді полиция тұтқындады. Липосакция жүрген аурухананың аты еш жерде айтылмады. 

Әдетте пластикалық операцияны асыра қолданып жүр деп Венесуэла сұлуларын айыптап жатады. Өйткені осы елдің арулары сұлулық байқауында жеңіске жету жолында түрлі құрбандыққа барудан тартынбайды. Десе де басты құндылық – қолдан жасалған сұлулық емес, адамның өмірі емес пе?..

Оқи отырыңыз:

Сұлулықтың мерейі үстем болсын!

Махаббат пен сұлулық мерекесі

Қазақстандық Арсен Тұрғымбаев сұлулық байқауына шақырылды

Сурет: dni.ru, woman.ru, show.obozrevatel.com

М. Оңғарова