- Негізгі бет
- Сән
- Қысқы сән: бас...
Қысқы сән: бас киімдер
Кейбір бикештер қыста бас киім кигенді ұнатпайды. Алайда денсаулық бәрінен қымбат. Биыл дизайнерлер әртүрлі пішін мен фактурадағы бас киімдерді ұсынады.
Тоқыма бас киімдер. Табиғи жүннен тоқылған бас киімдер әрқашан сәнді болуымен бірге жылы болып келеді. Сондықтан әр жылғы трендтер қатарынан орын алып келеді.
Бұл бас киімдерді қымбат аң терісінен жасалған ішікпен де, сырылған пальтомен де, спорт күртешесімен де кие беруге болады.
Берет. Береттің тоқылған түрі де, фетрден жасалған түрі де сәннен қалмайды. Дизайнерлер беретті ұнататындарға классикалық қара және ақ түспен бірге шие, күрең түстерді де ұсынады.
Малақай. Бұрын ер-азаматтарымыз ғана киетін малақай әйел қауымының гардеробынан орын тапқалы қашан. Әсіресе еліміздің солтүстік аудандарындағы жігіттеріміз бен қыздарымыз көбірек киеді деген ойдамыз.
Бас киімдерге арналған әшекейлер. Бұларға моншақ, брошь, қауырсын, тор және тағы басқалары жатады.
Көңіліңіз қалаған, талғамыңызға сай әшекейлердің бірін таңдай аласыз. Алайда пластмассадан жасалған әшекейлерден аулақ болған жөн деп ойлаймыз.
Автор: Фариза Әбілова
Сурет: wallpapers-images.ru, wildberries.ru
Оқи отырыңыз:
Ф. Абилова