- Негізгі бет
- Сән
- Dior сән үйі...
Dior сән үйі кімге тиесілі?
1946 жылы Диор мата кәсібімен және жылқы шаруашылығымен айналысатын Марсель Буссакпен танысады. Ол өз кезегінде Диорға «Филипп және Гастон» атты сән үйінің суретші директоры болуды ұсынады. Осы уақытта Диор ерекше шабытқа ие болып, өзіне тиесілі сән үйін ашуды жөн көреді. Модельердің еңбекқорлығы мен талғампаздығына қайран қалған Буссак оған ісін бастауға көмектеседі. 1946 жылы 16 қазанда, сағат 9-да, Монтень көшесі, 30-үйде көп адамның көмегімен кішігірім ателье ашады.
1947 жылы жоғарғы санаттағы адамдардың талғамынан шығатын киімдерді ұсынады. Бір жылдан кейін Еуропа мен Америка «нью лук» деп аталатын жаңа стильді түгелдей дерлік қабылдайды.
Кристиан Диор өзінің «Мен әйел тігіншісімін» атты кітабында: «Біз әйелдерді кең иықты болуға мәжбүр еткен формалық киім мен соғыс кезеңін артта қалдырдық. Мен өте нәзік, иықтары кішкене, анары алмадай, қыпша белді, гүлді еске түсіретін қыздардың суретін салдым», - дейді.
Бұл романтикалық мүсін жастарға тән. Диор стильді жыл сайын өзгертіп, екі бағыттағы топтаманы бірден ұсынады. Стилі Н, Х, А, Ү әріптеріне сай келетін киімдер тігеді.
Аталған кезеңнен бастап Диор сән үйінің ауқымы кеңейе бастайды. 1947 жылы Серж Эфтлер Луиш басқаратын парфюмерлік филиал ашады. «Мисс Диор», «Диориссимо» атты әтірлер шығады.
1948 жылы Нью-Йоркте прет-а-порте үйі ашылады.
1952 жылы Лондонда кеңсе ашады.
1954 жылы Кристиан Диор іш киімдер шығару үшін лицензия алады. Мұнымен қатар Мехикода, Каракаста, Аустралияда, Чилиде және Кубада дүкендер ашылады.
1957 жылы Кристиан Диорды Сен Лоран алмастырады. Оның «Трапеция» атты топтамасы үлкен сұранысқа ие болады.
1960 жылы Лоранды әскерге шақырады. Оны 1989 жылдан бастап Марк Бохан алмастырады. Ол сән үйінің дәстүрін жалғастырады. Ары қарай сән үйі Патрик Лавуамен бірігіп, салтанатты киімдер шығаратын Жанфранко Ферреге өтеді.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: fashion.ru
Қ. Бүйенбай