Күз маусымындағы ең сәнді етіктер

Күз маусымындағы ең сәнді етіктер

Атақты дизайнерлер сәнқұмар қыздардың талғамын ескеріп, күз мезгіліне арналған жаңа топтама ұсынды. 2014-2015 жылдарға арналған етіктердің бір-біріне мүлдем ұқсамайтындығын да атап өтуіміз керек. Назарларыңызға олардың бірегей түрлерін ұсынамыз.

Мысалы Gucci сән үйі сәнқойларға күлгін түсті, жылан терісінен жасалған фактурасы бар етік ұсынды. Оның жасыл, зүмірет түсті түрлері бар. Және дизайні қолтырауын терісімен өңделген.

 

Әдеттегіден тыс тізімді түкті түрлері толықтырады. Ол толықтай ішкі бөлігінде немесе тек етіктің жоғарғы бөлігінде ғана болуы мүмкін.

Мұнымен қатар бұл маусымда әміркен етіктер мен ботфорттар сәнде. Ол әдеттегідей қара ғана емес, өте ашық көк бояулы, қошқыл шие түсті болып келеді. Ботфорттар да өз кезегінде түрлі-түсті болып тігіледі.


Ақ, сұр, ақшыл сары ботфорттар өте сәнді көрінеді.

 

Сән әлеміне барқыт пен атластан және өзге маталардан тігілген етіктер кіреді. Бұдан өзге стрейч әсері бар түрлері де бар.

Үстіміздегі маусымда дәл ерлердікіндей аяқ киім кию бойжеткендер үшін таңқаларлық жаңалық болды. Жорта істелген дөрекілік, табаны қалың, өкшесі жоқ, ұшы дөңгелек, тікенекті әрі айылбас элементтері бар етікті киюге кез келген қыздың батылы жетпейді. Мұндайды тек өзгеше талғамы бар қыздар ғана кие алатын шығар.

 

Әйел адамдар тек биік өкшелі етік киім кию керек деген заман артта қалды. Себебі биылғы сән барлығын киюге мүмкіндік береді: тік өкше туфли, сапалы платформа, төртбұрышты өкше.


2014 жылдың ең сәнді етіктері өкшесіз болуы мүмкін. Барлық шұлық, ботфорт, әміркен етіктер екі нұсқада шығады: өкшелі және өкшесіз. Яғни бұл маусымда ыңғайлылық пен қатар сұлулық та ескерілген.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: modnica.info

Қ. Бүйенбай