Қалыңдық көйлегінің тарихы

Қалыңдық  көйлегінің тарихы

Кез келген қалыңдық үшін той көйлегін таңдау аса маңызды болып келеді. Қалыңдық көйлегі туралы түсінік өте ертеден қалыптасқан. Сырлы да сымбатты той көйлегінің тарихы қандай екен?


Ақ түсті қалыңдық көйлегінің тарихы Көне Грек елінен басталады. Ақ түс тазалықтың, пәктіктің, нәзіктік пен әдеміліктің белгісі саналған. Сондықтан Көне Грек елінің қыздары жеңіл әрі ұзын ақ көйлекпен тұрмысқа шыққан. Рим империясының құлаған тұсында неке көйлегінің формасы біраз өзгеріске ұшырайды. Бұл кезеңде жеңіл әрі жұқа матаның орнына, қалыңдық көйлегі ауыр әрі қалың маталардан тігілетін болған. Себебі, ежелгі римдіктер қалыңдыққа өзінің сымбатын айқын көрсетіп тұратын көйлек киюге рұқсат бермеген. 12-13 ғасырларда бұл үдеріс әлсірей бастайды да, 14-15 ғасырларда қайтадан бұрынғы қалпына түседі.

19 ғасырда қалыңдық көйлектері бастапқы үлгі бойынша қалыңдықтың сымбатына сәйкес тігілетін болған. Бұл кезеңде қалыңдық көйлегін тігуге көбінесе атлас, барқыт сияқты маталар пайдаланылған. Уақыт өте келе қалыңдық тойға тек ақ түсті көйлек емес,  өзі қалаған түстегі көйлек киетін болған. 

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: avazo.ru, rutaobao.com

Г. Бакытбекова