- Негізгі бет
- Сән
- Тырнаққа арналған лак...
Тырнаққа арналған лак түрлері
Күнделікті тырнағымызға жағып жүрген лактарымыз да бірнеше түрге бөлінеді. Дәстүрлі классикадан басқа лактың қандай түрлері белгілі? Соларға тоқталып өтейік.
1. Кракелюр лактары
Тырнаққа жағылғаннан кейін ыдырай бастайтын бұл лак кепкеннен кейін шөл даладағы кеуіп кеткен сор топырақты еске түсіреді.
2. Текстуралық лак
Мұндай лактарды тырнаққа жағып, кептіргеннен кейін, бетінде бұдыр пайда болады.
3. Құбылмалы лактар
Құбылмалы лактар жарықтың түсуіне байланысты түсін өзгертеді. Мұндай типтегі лактар аздап ескірген, бірақ сонда да тырнақта қызықты көрінеді.
4. Инди лактар
Классикадан гөрі ойнақылықты, жадырап жүргенді жақсы көретіндерге арналған. Бұл лактардың құрамында майда жылтырақ фигуралар бар: дөңгелек, төртбұрыш, жұлдыз, жүрек және тағы басқа да формалар.
5. Қараңғыда жарқырайтын лактар
Люминесценция әсері бар лактар күндізгі жарықтан алған энергиясы арқылы түнде жанады. Көбіне жазғы сәнге сай етіп жағады.
6. Температураға байланысты түсін өзгертетін термо-лактар
Температураға байланысты түсін өзгертетін термо лактардың әсері ұзын тырнақта жақсы байқалады. Себебі тырнақтың ұшының температурасы төмен, ал саусаққа еніп тұрған бөлігінің температурасы жылы болады.
7. Магнит лактар
Магнитті лактармен бірге арнайы магнит те сатылады. Тырнақты жаңадан жаққан соң бетіне магнитті қойғанда, түзу сызықтар, жұлдызды шеңберлер пайда болады.
Ал сіздің күнделікті қолданатын лагыңыз қандай?
Дайындаған: Назерке Смағұл
Сурет: gurlgymnast.tumblr.com, www.znaikak.ru, www.post.kz
Y. Smaghul