- Негізгі бет
- Сән
- Жазғы 8 сәнді...
Жазғы 8 сәнді көйлек
Ретро стиль, пастель реңктері, теңіз жолақтары, селдір бөлшектер – біз сіздерге осы маусымда өзекті әрі сәнді және кез келген қалта көтеретін сегіз жарқын көйлекті ұсындық.
Ретро стилі, бірнеше маусым бойы өзекті болып келеді. Дизайнерлер 20-шы, 40-шы, 60-шы, 70-ші және тіпті 90-шы жылдардың стилімен шабыттанып, небір үлгілерді ұсынған болатын. Ендігі кезекте 1950-ші жылдар сәні. Осы маусымда әсіресе миди сарафандар өзекті. Жарқын бір түсті принт, гүлді мотивтер, кең белдемше және кез келген пішіндегі төсті тартымды етіп тұратын тікбұрышты ойық – ретро рухындағы жаздық көйлек дәл осындай болуы керек.
Көктем-жаз 2014 маусымында ірі торлы жинақы пішімдегі көйлектерге назар аударыңыз. Мұндай көйлекте бар жоғы екі түс болуы керек (қара және ақ болса тіпті жақсы). Адымды тор жіңішке жолақтардан тұрып, ал көйлек үлгісі – денеге арналған қынап тәріздес болуы керек. Бір сөзбен айтқанда – артық ештеңе жоқ!
Теңіз жолақтары жағжайдағы демалыс, теңіз саяхаты және тағы бсқа жағымды әсерлер сыйлайды. Сондықтан жаздық гардеробқа бретондық жолақты көйлекті қосуға тырсыңыз. Жаңа маусымда дизайнерлер кең пішімді, артық әшекейсіз үлгілерді ұсынады. Көйлек футболка типтес үлгіде жасалып, осы күні сәнді мысқыл суреттермен безендірілуі мүмкін.
Сәнді пастелді реңктердің ішінде нәзік көк түсті киімдерге назар аударған жөн. Егер осы реңктегі көйлек таңдайтын болсаңыз, үлпілдек, жеңіл түрін таңдаңыз. V түріндегі ойық пен перделеу сынды биязы бейнелер құпталады.
Ассиметриялы етекті және кеудесі пердемен безендірілген биязы көйлек – кездесу, жиын немесе іскерлік кездесуге де (сыртынан жакет киіп алса) жарайды. Әдемі босоножкамен үйлестірсеңіз жеткілікті.
Жаз – жарқын бояулар мезгілі. Сол себепті жазғы топтамаларда гүлді өрнектермен безендірілген киімдер көп. 2014 жылдың жазында дизайнерлер бақша және дала гүлдерінен гөрі экзотикалық: аралдар мен құрайт жерлердің өсімдіктеріне назар аударуды ұсынады. Мұндай көйлек міндетті түрде қарапайым және биязы болуы керек: кеудесі ашық және етегі кең.
Селдір бөлшектер – бейнеңізді тартымды, әрі ұятты жерлерді жауып, жинақы көрсетеді. Селдір көйлектерді кигенде шектен шықпау үшін нәзік бір түсті, етегі тізеден сәл ұзын және көп қабатты әсер беретін көйлектерді таңдаңыз.
Жағажай мен демалыс кезеңдеріне өте ыңғайлы нұсқа. Белі жоғары орналасқан, жібек құрт үлгісіндегі, нәзік түсті көйлектер – кез келген пішінді қыздың сұлулығын айқындайды.
Сурет: wday.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina