Сән туралы қызықты деректер

Сән туралы қызықты деректер

1. Жасанды кірпіктерді 1916 жылы продюсер Д. В. Гриффит үшін ойлап тапқан. Ол фильмге түсіп жатқан актрисаның көзін ұлғайтып көрсету мақсатында тапсырыс берген екен. Ең алғашқы жасанды кірпіктер адамның шашынан жасалған.

2. Балалар киімі осыдан 200 жыл бұрын ғана ойлап табылған. Бұған дейін үлкендердің кішірейтіліп тігілген киімін киетін болған.

3. Зат 1920-1960 жылдар аралығында жасалған жағдайда ғана винтажды болып есептеледі. Кейінгілердің барлығы да ретро.

4. Қытайдың сәнқұмар қыздары тырнақтарын 5 000 жыл бұрын бояған.  

5. ХХ ғасырға дейін жігіттер көйлекті жиі киетін болған. 100 жыл өткен соң бұл дәстүр қайталанып отыр.

6. ХVIII ғасырда еуропалықтардың бір киер киімі ғана болған.

7. 1 500 жылдары дизайнерлер киімдерін таныстыру үшін модельдердің көшірме қуыршағын жасатқан. Ол қуыршақтың бет-әлпеті модельдікімен бірдей етіп әрленген.

8. Ұлыбританияда XVIII ғасырда мырзалардың тар панталон кигені соншалық, оны кию үшін арнайы құралмен керіп, артынша ішіне секіріп түсетін болған.

9. Б.з.д. 1 500 жылы шашсыз жүру әйелдер сәні болған. Олар шашы өскен сайын алтын қысқашпен жұлған.

10. Сіз осы мәліметтерді оқып отырған кезде АҚШ саудагерлері 10 су киімін сатып үлгерді. 

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: Назерке Дулаттың жеке архивінен

Қ. Бүйенбай