2014. Сәнге айналған далап түстері

2014. Сәнге айналған далап түстері

Биыл жазда сәнге айналған далаптардың түсі гүлдермен үйлесімділік тапқан. Олардың ішіндегі ең сәнділері - лала, орхидея және раушан гүлдері.

John Rocha шоуының макияжына жауап беруші Сэм Брайант бьюти образдарды «футуристикалық түстер» деп сипаттайды. Ол гүлдер мен қыздардың арасындағы ұқсастықты айқындау үшін ерін мен бетке арналған алқызыл түсті жарқырауық бальзамды пайдаланған. Мұнымен қатар бұл ой "Antonio Marras, Maria Grachvogel, Monique Lhuillier, Giorgio Armani, Balmain, Chloe" сынды шоуларда пайдаланылған. Ерін түсі киіммен және киімдегі суреттермен сәйкес таңдалған.

"Dior Addict Lip Maximizer Collagen Activ, №003 Fresh Pink, Dior" ерін көлемін ұлғайтушы далап

"Dior Addict Fluid Stick, №239 Frisson, Dior" ерін жылтырағы

"Dior Addict Lipstick, 571 Windrose, Dior" ерін далабы

" Levres Scintillantes, №186 Happy, Chanel" ерін жылтырағы

"Crayon Baume Lèvres, №01 My Pink, Clarins" ерінге арналған қарындаш бальзам

"Mineralize Lipglass, №300 Tender, M. A. C" ерін жылтырағы

"Le Rouge, N° N° 210 Rose Dahlia, Givenchy" далабы

Жыл сайын арнайы жүргізілетін жарыстың қорытындысы бойынша, жеңімпаз жыл түсін атау құқығына ие болады. Осы құқықты иеленген «Pantone» компаниясы жыл түсі деп «Radiant Orchid», яғни жарқыраған орхидеяны таныды.

 

 
 

Орхидея түстес далапты кез келген топтамадан байқауға болады. Әсіресе, қараторы қыздарға жақсы жарасады. Ал ақшыл теріге қызғылт - фуксия түсі сай келеді. Бұдан өзге подиумнен қызғылт сары түсті көп байқауға болады.

"Rouge G De Guerlain, №70 Gigolo, Guerlain" далабы

"Levres Scintillantes, №03 Glaze, Chanel" ерін жылтырағы

"Dior Addict Fluid Stick, №995 Intrigue, Dior" ерін жылтырағы

"Le Rouge, N°315 Framboise Velours, Givenchy" далабы

"Mineralize Lipstick, №300 Bold Spring, M.A.C" далабы

Стилист мамандар далапты киім түсіне сай таңдауды ұсынады. Олардың қай-қайсысы болса да, бастаңғыға бару үшін таптырмас косметика. 

Ал сіз қай түсті таңдайсыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vogue.ua

Қ. Бүйенбай