- Негізгі бет
- Сән
- Burberry сән үйінің...
Burberry сән үйінің тарихы
21 жаста сырт киімдер шығаратын компания құру мүмкін емес дерсіздер. Оған қоса сырт киім матасының түсі болашақта мемлекеттің мәдени символына айналатынын тіпті елестету де мүмкін емес. Бірақ бұл дүниеде бәрі мүмкін!
Оқиға сол кездері ешкімге белгісіз тігіншінің шәкірті – Томас Берберридің арқасы ауырып дәрігерге шағымдануынан басталады. Дәрігер бозбалаға ауыр резеңке плащ киюге тыйым салады. Мұндай плащтар жаңбырдан қорғағанымен, теріге ауа жібермейтін. Сөйтіп ол қолайлырақ бірдеңе тігуді ойластырады. Бірнеше аптадан кейін жас жігіт Томас Берберри Хэмпшир графтығы, Бесингстоук қаласының Винчестер стрит көшесінде күнделікті киімдер сататын алғашқы дүкенін ашады.
Табиғи мақта матадан тігілген, жеңіл әрі ұстағанда өте жағымды киімдер бәрінің көңілінен шықты, ал бренд күн өткен сайын танымал бола түсті. 21 жасар жас тігінші сол кездері өз ауданының құрметті адамдарының дерлігін киіндірді. 1870 жылдарға таман компания тек сырт киім тігуге кірісті. 1880 жылы Burberry бренді сән әлемінде жаңалық алып келді – Томас Берберри су өтпейтін, теріні демалдыратын табиғи жүн матадан ерекше габардин плащ жасап шығарды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Томас Берберри ойлап шығарған тренчтер тез арада үлкен танымалдылыққа ие болды. Онымен қоса тор да сұранысқа ие бола бастады. Ұзындығы тізеге дейін келетін, белінен буылатын түзу су өтпейтін пальто көптің көңілінен шықты.
1891 жылы Берберри Лондонда алғашқы дүкенін ашады. Қазір Burberry Сән үйі астананың қақ ортасында, Үкімет Үйінің артында орналасқан.
Дәл сол тор бастапқыда плащтың астары ретінде тігіліп, шын мәнінде тренчтің жалғыз әшекейі болып саналды. Сарғыш-ақ тор дәстүрлі ағылшын жылы орамалдарының түсімен үйлесті. Осылайша Отанынан алыста соғысып жатқан ағылшын әскерилеріне үйдің жылулығын естеріне салатын нышан ретінде де қабылданды. Бәлкім, сол үшін де шығар, жайлы және кербез тор бір ғасыр бойы өзектілігін жоғалтпай келеді.
Егер бастапқыда тор матадан классикалық тречтерге астар ғана тіккен болса, өрнектің танымалдылығы артқан тұста көптеген бұйымдар тор маталардан тігіле бастады, оның ішінде Burberry аксессуарлары бар.
1990 жылдардың басында Burberry-ге жаңа басшы келіп, Роуз Мари Браво торды нағыз сәнге айналдырды. Оның жеңіл қолымен бренд жас, қуатты және сәнді аудиторияға бағдарланды. Роуз Мари классикалық тордың элементтерінен іш киімдер мен су киімдерінің, жұмсақ аюлар, күннен қорғайтын көзілдіріктердің, шаш қыстырғыштардың, қолшатырлардың және т.б. қажетті аксессуарлардың топтамасын жасап шығарды.
Сонымен қатар, Роуз Мари торды заманауиландырып, суреттер мен пропорцияларды сақтай отыра дәстүрлі түстерді алмастырды. Осылайша біртіндеп тордың қара-ақ, алқызыл (Candy Check), көгілдір (Blue Bell Check) жаңа түс үлгілері пайда болды.
Burberry компаниясының беті әрдайым тек британдар болды.
Кейт Мосс Burberry Prorsum жарнамасында
Эди Рэдмейн мен Кара Делевинь Burberry Prorsum Spring Summer 2012 топтамасының жарнамасында
Burberry Brit White топтамасының жарнамасы
Burberry Көктем-жаз 2011 көзілдіріктер топтамасының жарнамасы
Burberry Nude топтамасының жарнамасы. Өте нәзік пастель түсі киімдер мен аксессуарларға ерекше жылтыр әсер береді.
Sheer Summer Glow Makeup 2012 топтамасынан Burberry косметикасы
Эмма Уотсон Burberry Prorsum 2011 топтамасында
Burberry көктем-жаз 2014
Томас Берберри 90 жыл өмір сүрді. Ол Burberry ағылшын тегін алып жүрген сапалы, табиғи және талғампаз – британ стилі иконасының негізін қалаушы ретінде тарихта қалды.
Сурет: vev.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina