Тырнақ бояуын жылдам кептіруге арналған тәсілдер

Тырнақ бояуын жылдам кептіруге арналған тәсілдер

Бір жерге бару үшін шашыңызды сәндеп, әдемі көйлегіңізді киіп алған соң тырнағыңызды боямағаныңызды есіңізге түсірдіңіз бе? Уайымдамаңыз, біз сізге тырнақ бояуын жылдам кептірудің бірнеше тәсілін ұсынамыз.

1-тәсіл: Суық су

- Табаққа суық су құйып, ішіне мұз шаршыларын орналастырыңыз.

- Тырнаққа бояуды жағыңыз. (Қолыңызды суға салған соң бояуды бірнеше қабат етіп жағуыңызға болады).

- Қолыңызды ақырындап суға салыңыз.

- Қолыңызды судың астында 3 минут ұстаңыз.  Су суық болған сайын, бояу да жылдам кебеді. Егер суық суға қолыңыз төзсе, 5 минутқа дейін ұстауыңызға болады. Мұндайдан кейін жағылған бояу ұзаққа шыдайды.


2-тәсіл:

- Қолыңызды 1 минутқа тоңазытқышқа салыңыз. Бір жаққа қатты асығып тұрсаңыз, соғұрлым температураның төмен болғаны жақсы.


3-тәсіл:

- Фенді пайдаланыңыз. Шашымызды кептіруге арналған құралды өзге мақсаттарға да қолдануға болады. Бірақ арнайы тетігін басу арқылы суық ауамен кептіріңіз.

4-тәсіл:

Аэрозоль. Үйіңізде компьютер мен теледидардың шаңын сүртуге арналған сұйықтық бар шығар. Оны сұлулықты сақтап қалу мақсатында пайдаланып көріңіз. Бірақ алыстан себіңіз, әйтпесе маникюріңіз құртылуы мүмкін.


Қосымша кеңестер:

- Қолды тоңазытқышқа салу – ең ұтымды тәсіл. Бірақ суық су тырнақ бояуын одан да жылдам кептіреді;

- Мұз салынған суды тырнағыңызды боямай тұрып дайындап алыңыз;

- Әрдайым бояуды жұқа қылып жағыңыз;

- Дүкендерде бояуды кептіруге арналған спрейлер сатылады;

- Суықты ұнатпасаңыз, шамды пайдаланып көріңіз. Бірақ қолыңызды алыста ұстаңыз;

- Немесе желдеткішті пайдаланыңыз. Небары 5 минуттың ішінде әдемі маникюріңіз дайын болады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:wikihow.com

Қ. Бүйенбай