Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Гүлмира Уәлихан: «Ұлттық өнер үшін мамандығымнан бас тарттым»

Гүлмира Уәлихан: «Ұлттық өнер үшін мамандығымнан бас тарттым»

Гүлмира Уәлихан: «Ұлттық өнер үшін мамандығымнан бас тарттым»

Гүлмира Уәлихан – құрақ құрау шебері. Жылдар бойы мүлдем басқа мамандық иесі болып келіп, үш жыл бұрын өнерге бірыңғай бет бұрғанын ерлік десек те болатындай. Оның ұлттық өнер туралы ойы мен жұмыстарын сұрап, әңгімеге тартқан едік. 

Қай жақтың тумасысыз? Бұл өнермен қанша жасыңыздан бері айналысып келесіз?

- Мен Павлодар облысында дүниеге келгенмін. Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясының Экономика факультетін оқып бітірдім. Бұдан кейін бухгалтерлік, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын істедім. Кейін бас бухгалтерлік жұмыста да болдым. Бірақ 3 қызыл дипломым және өмірлік тәжірибесі көп адам болсам да өзімнің қызығушылығым басқада екенін ұқтым. Осыдан үш жыл бұрын 27 жасымда тігіншілік өнермен айналысуды бастадым.

 

Екі жылдан бері Қазақстанның құрақ құрау шеберлерінің Ассоциациясы ұйымдастырып келе жатқан көрмелерге қатысып келемін. Бұл көрме Ә.Қастеев атындағы музейде дәстүрлі түрде өтіп келеді. «Ұлттық стильдегі бұйым» және «Тарихқа сапар тақырыбында құрақ құрау» номинацияларында екі реттен бірінші орынды алғанмын.

- Мамандықтан бас тартқан соң қаржылық жағдайға байланысты еш өкінбейсіз бе?

- 29 жастағы адамның төрт баласы, мемлекеттік бағдарлама арқылы алған үш бөлмелі үйі бар. Не үшін өкінуі керек? Өзінің қызығушылығы үшін күрескен адам ешқашан да бір сәтке болса да өкінеді деп ойламаймын.

- Тоқыма, тігін өнерінің бүгінгі насихаты аз сияқты. Бұл олқылықтың орнын қалай толтыру керек деп ойлайсыз?

- Бұл мен үшін ең басты проблема. Осы саладағы шеберлер өте көп. Бірақ қолдау жоқ. Кейінгі кездерде ғана жәрмеңкелер мен көрмелер өтіп жүр. Өзімнің қолөнерім: құрақ пен пэчворктарымды өзім насихаттаймын. Бір ерекшелігі, бұл өнермен айналысатындардың көп бөлігі әжелер. Жастар өте аз. Сондықтан да қазіргі таңда осы өнерге үйренемін деушілерге үйірме ашуды көздеп отырмын. Онда менің де, басқа да шеберлердің де мастер-кластары өткізілетін болады.

Мен шеберлерге бұл өнердің насихатын жасау үшін жастарға үйрететін мектептер мен үйірмелер ашуға кеңес беремін. Қазірде ешкім де керек етпейтін идеялармен айналысып жүргендер көп қой. Міне, соларға осы кеңесімді берер едім. Ал біраз адам көрмелерге қатысқысы келмейді. Мұндай көрме ұйымдастырушылары көп жағдайда белгілі бір орынды жалға алу құнын қымбаттатады және жарнамамен айналысуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан шеберлерге мүмкіндік жасаса дұрыс болар еді.

- Көбінде қандай материалдарды пайдаланасыз?

- Көбінде Германия мен Америкадан келген маталарды пайдаланамын. Себебі құрақ құрау өте қиын әрі еңбекті көп қажет ететін жұмыс. Бастапқы кезде қандай мата болса да пайдалана беретінмін. Бірақ олар уақыт өте келе я болмаса бір жуған соң бояуы ағып, сапасыз болып шығады. Сонша еңбектің сапасыз материал үшін зая кеткені жанды ауыртады. Бір іспен көп уақыт айналысқан соң оның барынша сапалы әрі әдемі болғанын қалаймын.

- Сіз коммерциялық бағытта жұмыс істейсіз. Сонда бұл өнермен айналысатындар ақшаны қандай жолмен таба алады?

- Қазіргі уақытта бұл өнермен айналысу арқылы ешкім де байып кетпейді. Оны кесіп айта аламын. Егер кім де кім бұл іспен мақсатты түрде айналысқысы келсе үлкен инвестиция құюы керек. Ал өз басым өзгеден ақша сұрағым келмегендіктен, әзірге фирма ашу ісін тоқтатып отырмын.

- Ісіңізге сәттілік тілейміз! Мейрам құтты болсын!

Әңгімелескен: Ардақ Құлтай

Сурет: Гүлмира Уәлихан

8414 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 20 наурыз 2014, 17:00
Пікірлер
+2
21 наурыз 2014, 16:04

Керемет, өзіндік ерекшелігі бірден көрінед! Әдемі!

+2
25 наурыз 2014, 19:06

:mrgreen:

+2
25 наурыз 2014, 19:07

маган оте катты унады,енбегинизге жемис тилеймин!

+1
26 наурыз 2014, 10:37

Ою өрнектері ерекше екен,тамаша туынды,мен өз үйімде осындай оюлы заттар болса дер едім,қазақи иіс шығып түратын секілді ;)

+0
26 наурыз 2014, 11:21

қыз баласына ең лайықты деп білетін өнерім осы) болашақта домохозяйка болсам, осындаймын айналысамын деп ойлаймын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...