Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Қол сағат тағудың ережелері

Қол сағат тағудың ережелері

Қол сағат тағудың ережелері

Бір-бірінен стилі, пішіні, көлемі бойынша ерекшеленетін сағаттардың бүгінде небір түрлері бар. Ерелер сияқты, әйелдер де оларды функционалды аксессуар немесе стильді әшекей ретінде таға алады. Қазіргі таңда сағатты кез келген әдіспен және кез келген жерге тағуға болатынымен, оларды дұрыс тағудың өзіндік ережелері бар. Күнделікті сағаттар – бұл ыңғайлы, төзімді және бейтарап аксессуар екені рас, алайда қымбат формальды сағаттардың стильге байланысты өз талаптары бар. Мысалы, спорттық сағаттарды ешқашан іскерлік киімдермен тағуға болмайды.

Ең алдымен қолдың және білезіктің пішініне назар аудару қажет. Мысалы, арық қыздарға жіңішке баулы сағаттар көбірек жарасады. Сонымен қатар белдік де мұқият таңдауды қажет етеді, әсіресе түсі. Ал білезігі мен білегі жуан қыздар спорттық үлгідегі сағаттарды таңдаса болады. Бүгінде дизайнерлер жалпақ пішінді сағаттардың небір түрлерін ұсынады. Саусақтары ұзын қыздар қос баулы немесе жіңішке металл шеңберден жасалған сағаттарды таңдағаны дұрыс.

Бұл аксессуарды таңдағанда басты назар белдігінде болатыны рас. Қыздардың қоржынында сағаттардың түрлі стильдегі бірнеше нұсқасы болса тіпті жақсы. Оларды гардеробтың кез келген киімімен, кез келген стильмен үйлестіруге болады.

Офистік стильге классикалық пішіндегі сағаттар жарасады. Ал ресмилендірілмеген ортада еркін бейнеңізге сай бұл аксессуардың баулы, белдікті түрлерін таға аласыз. Сонымен қатар оларды ашық түсті ленталармен, салпыншақтармен толықтыруға болады. Бұл білезікке ерекше сән беріп, түзелген қатпарлар сырт көзге әдемі көрінеді.

Әйел адамның мәнсабы жоғарылаған сайын аксессуарлары да қымбаттай түсуі қажет. Танымал брендтен сатып алынған сағат иесінің беделі мен талғампаздығын көрсетеді. Іскерлік үлгідегі сағаттардың бауы білекте тығыз тұруы қажет. Блузканың ұзын жеңі циферблатты жауып тұрады.

Ерекше пішінді сағаттарға келер болсақ, онда оларды түрліше таға беруге болады. Мұндай жағдайда сағатты перчатканың сыртынан да тағу қарастырылған, тек пиджак пен плащтың жеңін түріп қойыңыз. Жазда мұндай сағатты сақинамен және әдемі маникюрмен толықтыруға болады.

Ерекшелікті қалайтын жандар сағаттың белдігінің орнына лента немесе тоқылған бау тағып киеді. Адамдардың ұшқыр қиялы бүгінде сағат бауының небір ерекше үлгілерін шығарып үлгерген. Мысалы, сары металлдың ағаш немесе былғарымен, металлдың піл сүйегімен үйлескен түрлері.

Егер әйел салтанатты кешке бара жатса, онда сағат тақпай-ақ қойса да болады, әсіресе, егер ол – ұзын кешкі көйлек киіп бара жатса. Сағаттың орнына нәзік білезік немесе сәнді сақина жарайды. Бірақ, егер сағатсыз жүре алмасаңыз, онда, жіңішке баулы алқа тәріздес сағат алғаныңыз жөн. Мұндай сағаттар қатал дресс-кодқа да жарасады.

Сурет: cosmo.com.ua

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 24 ақпан 2014, 17:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.