Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Тюрбан: шығыстық сарын

Тюрбан: шығыстық сарын

Тюрбан: шығыстық сарын

Көптеген елдерде тюрбан символикалық мәнге ие және оны тек нақтылы ниетпен тағады, оның ішінде діни негізде. Және тағу амалына байланысты байлау тәсілдері де әртүрлі. Бүгінде тюрбанды діни сеніміне және нақтылы амалдарына байланыссыз кез келген адам таға алады. Және бұл бас киім кез келген матадан, кез келген түстегі орамалдан байланады.

Көп жылдар бойы тюрбан сәнқой қыздардың сұранысына ие бұйым болып келеді. Стильдер мен сән бағыты қанша ауысса да тюрбан көптеген коллекциялар мен көрсетілімдерде әлі қолданылып келеді. Сонымен қатар, шаш үлгісіне көңілі тоймайтын қыздар үшін таптырмас әмбебап бұйым.

Басқа тюрбан байлап, әшекеймен көркемдеу арқылы салтанатты кешке, қонаққа де бара аласыз. Тюрбан үшін 90х90 сантиметрлі мата дәл келеді. Матаны орап, екі шетінен алыңыз да желке тұсыңызға қойыңыз. Екі шетін алға қарай тартып, ұзындығы бойынша тегістеңіз. Маңдай тұсында айқастырып, тартыңыз да екі шетін артқа, желкеге қарай тартыңыз. Желке тұсында түйіншік жасап, бос шетін мата бүрмесінің астына тығып қойыңыз. Бұл тюрбан байлаудың ең оңай тәсілі.

Бұл бас киімді түрлі маталар немесе орамалдардан байлауға болады. Егер сіз жібек немесе жеңіл мата таңдасаңыз, тюрбан байлау қиынға түседі, өйткені ол сырғанай беретін болады. Егер мата жұқа болса – тюрбан кішкентай әрі нәзік болып шығады. Бірақ бас пішіні кішкентай аруларға осы үлгі жарасады. Тығыз немесе ұзын матадан немесе орамалдан көлемді тюрбан байлауға болады.

Тюрбан байламас бұрын оны қандай киімдермен үйлестіретініңізді және стиліңізді анықтап алыңыз. Соған байланысты матаны да, көлемді де таңдайсыз. Бастапқыда үйреніп алу үшін тығыз мата қолданған жөн.

Тюрбанды жазда ыстық күннен қорғану үшін, ал қыста жел мен суықтан қорғану үшін тағуға болады. Қазірде тюрбанды мойынға тағатын көлемді әшекейлермен үйлестіру ерекше сәнде. Егер өзіңізге жарасатын түс пен тығыздығы сәйкес матаны пайдаланып, тюрбан тақсаңыз бейнеңіз сәнді әрі заманауи көрінетін болады. Мұндай сәнді бұйым нәзік жанды арулардың биязылығы мен биік талғамын айқындай түседі.

Тюменде тюрбан байлаудың бірнеше үлгілері көрсетілген:

Сурет: stockingclub.net

Дайындаған: Анар Мұстафина

10800 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 28 қаңтар 2014, 14:35
Пікірлер
+0
28 қаңтар 2014, 15:47

Кейбір қыздарға күшті жарасады

+0
28 қаңтар 2014, 15:55

Саған да жарасады ғой. Просто тақпайсың.

+0
28 қаңтар 2014, 16:10

ахах)ондай тәжірибелерге аса құмар емеспін) бірақ қызығушылық тудырдың, жасап көрмесем)

+0
28 қаңтар 2014, 19:35

Маған біртүрлі сияқты. Дегенмен, бір көретін екен

+0
28 қаңтар 2014, 21:10

ол бас киім кез келген қызға жараса қоймайды.

+0
28 қаңтар 2014, 21:12

кей қыздарға жарасуының басты себебі мүмкін бас формасы мен көз формасында шығар...

+0
29 қаңтар 2014, 10:25

Мынау бір қызық екен, біздің Шымкенттіктерге өте қажетті екен. Әсіресе, тұрмысқа шығып, оқу оқып жүргендерге. А то тұрмысқа шығып, сосын бастарына аппақ ормалды тағып алады. Осындай етіп,сәнді қып тақса,қатып кетер еді :)

+0
30 қаңтар 2014, 16:03

ех маған жарасқанда ғой, үнемі осылай жүретін едім

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...