Көктемнің сәнді аяқ киімдері

Көктемнің сәнді аяқ киімдері

Аяқ киімнің де трендтері бар екені ешкімге құпия емес. Солардың арасында осы маусымда қайсысы сәнді болмақ? Бұл материалда массагеттің сәнқой сұлуларымен бірге осы сұраққа жауап іздейміз...

Лофер аяқ киімі


Былтырғыдай да бұл маусымда лофер аяқ киімі ерекше сәнді болмақ. Әсіресе, биік өкшедегі түрлері. Классикалық түрлеріне біраз ерекшеліктер қосылып, жаңа түрлері пайда болды. Лофер туфлиі - кеңседе жұмыс істейтін арулар үшін таптырмас таңдау. Өйткені ол костюм-шалбармен әдемі үйлесім табады. Бірақ шалбарыңыздың ұзындығы туфлиіңізді жаппайтындай болуы керек. Ең дұрысы - кішкене шолақ шалбар. Аяқ киімнің дөңгелек ұшы аяқтың толықтығын жасырып, ыңғайлы өкшесі аяғыңызды сымбатты қылып көрсетеді. 

Ашық түстер

Бұл маусымдағы аяқ киімнің ең сәнді түстері - карамель мұз кәмпиттерінің түстері. Бұл - маусымның ең тәтті тренді десе болады. Бұндай аяқ киімді ақшыл, ашық түсті киіммен киген дұрыс. Алайда, киімнің аяқ киіммен түстес болғаны маңызды емес. Романтикаға берілгіш жандарға ашық аяқ киім, ал пысық қыздарға сәнді қайықша туфлиі сай келеді.

Танкетка өкшесіндегі кроссовкалар

Бұл маусымда спорттық аяқ киімге ұқсаған бәтеңкелер сәнде болмақ. Олардың арасында түстері жарқын, үлкен бауы, дөрекі ілгегі барлары ерекше әсем көрінеді. Бұндай аяқ киімді тек спорттық киіммен киюге болады. Себебі, басқа киім түрлерімен аяғыңыз тым дөрекі көрінеді. Танкетка өкшесіндегі кроссовкалар бар назарды тобығыңызға аудартады. Жіңішке тобықты одан да нәзік қылып, толық болса, одан бетер үлкен қылып көрсетеді. Ал балтырыңызда артық салмақ болса, бұндай аяқ киімнен бас тартқаныңыз жөн. 

Питон оюы

Көктемде питон оюының сұр, қызыл, жасыл, қоңыр түстері сәнде болады. Питон оюлы аяқ киімді іскер әйелдерге ұсынса болады. Себебі олар нәзік көйлектерге қарағанда, іскер костюммен жақсы жарасады. Әрине бұндай аяқ киімнің өкшелі болғаны дұрыс. Алайда дәрігерлердің кеңесі 3-4 сантиметрлік өкше екенін ұмытпағаныңыз жөн.

Күміс жылтыры

Металл жылтыры өзіне назар аудармай қоймасы анық. Сондықтан да, күміс жылтырымен еліктірген аяқ киімнің дизайны мейлінше жеңіл болуы керек. Кәдімгі ашық аяқ киім не қайықша модельдері осындай түске сәйкес болады. Ерекше жылтырына қарамастан, бұндай түстегі аяқ киім нәзік көйлектерге де жараса кетеді. Алайда бұндай туфлилердің өкшесі жіңішке әрі биік болу керек. Ол аяғыңызды әсем қылып көрсетеді. 

Үшкір ұш

Осындай туфлилердің әркез сәнде болғаны белгілі. Өкшенің ұзындығы қандай болса да, маңыздысы аяқ киімнің ұшы үшкір болғаны жөн. Бұндай аяқ киімді тар белдемшемен, не көйлектермен киген дұрыс. Сондай-ақ, оларды түрлі-түсті шалбарлармен кисе де болады. Бұндай туфли табаныңызды ұзартып көрсетеді.

Сарғыш қоңыр түс

Қайықша туфлилер бұл маусымда ерекше сәнді көрінеді. Әсіресе осы сарғыш қоңыр түстегі туфлилер. Оған бау не ашық ұш сияқты ерекшеліктерді қосса да болады. Егер сіз осындай туфлидің түсін теріңізге сйкес дұрыс таңдап алсаңыз, ол сіздің гардеробыңыздағы кез келген киімге жараса кетеді. Бұндай түстегі аяқ киім аяғыңызды ұзартып көрсетеді. 

Аяқ киіміңізге ерекше талғаммен қарауға ұмтылыңыз!

Суреттер: woman.ru, vkontakte.ru 

С. А