Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Шарф байлаудың тәсілдері

Шарф байлаудың тәсілдері

Шарф байлаудың тәсілдері

Қытай жауынгерлерінен мұра ретінде қалған шарф бізді суықтан қорғап қана қоймай, стильді, сәнді адамға айналдырады. Осынау керемет аксессуарды басында ер адамдар қолдана бастаған. Кейін әйелдер қауымының да назарына ілігіп, бүгінде әйелдердің де, ерлердің де киімінің бір бөлшегі болып табылады. 

Орамал байлаудың 25 сәнді үлгісі туралы айтып өткенбіз. Бүгін шарф байлау жайындағы әңгімемізді жалғастырамыз.

Қыздарға арналған шарф байлаудың тәсілдері

1 тәсіл

Бұл өте қарапайым тәсіл. Шарфты екіге бүктеп, екі ұшын жалғаймыз да, мойындағы бір жақ ұшына суреттегідей етіп кіргіземіз. 

2 тәсіл

Бұл шарф байлау тәсілін бірінші тәсілдегідей етіп байлаған соң жалғастыруға болады. Ұшын жоғарыға қарай байлап, дәл суреттен көз алмай отырып, шарфыңызды әдемі етіп байлап алыңыз.

3 тәсіл 

Бұл тәсілді әсіресе жібек шарфты байлаған кезде қолдануыңызға болады. Алдыңғы тәсілдерге қарағанда шарфты бұлайша байлау шарфты мойынға емес, кеудеге байлағыңыз келгенде керек. 

4 тәсіл

Шарфты бұлай байлау керісінше мойынға байлағыңыз келгенде қолданылады. 

5 тәсіл

Ал қалың шарфтарды осы тәсіл арқылы байлағаныңыз жөн. 

Енді ерлерге арналған шарфты сәнді байлау тәсілдерін ұсынайық. 

1 тәсіл

Шарфты бұлайша байлау "Париж түйіні" деп аталады. Шарфты осылай байлағыңыз келсе, бойыңыздың ұзындығына мән беріңіз. Шарфтың ұшы кеуде тұсыңыздан аспауы тиіс. 

2 тәсіл

Шарфты мойынға тақап байлап, ұшын пиджактың ішіне салыңыз. Классикалық пальто кигенде осылай етіп байлау сәнді көрінеді. 

3 тәсіл

Шарфыңыз ұзын әрі қалың болғанда, осылай байлаңыз. Шарфтың ұшы қалта тұсынан асып кетпеуі керек. 

4 тәсіл

Шарфты байлаудың бұл тәсілін көп кездестіре бермейсіз. Дегенмен батыл қадам жасаудан қорықпайтын ерлер қатарына жататындар осы тәсілді байқап көруден тайынбайды.

5 тәсіл

Шарфты бұлай байлау мойны ұзын жігіттерге жақсы жарасады. 

Сурет: vyazanie-shapok.net, favim.ru, listofimages.com, blog.trashness.com

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Қосылған күні: 05 қаңтар 2014, 10:14
Пікірлер
+0
05 қаңтар 2014, 14:33

Үшінші тәсіл ұнады

+0
05 қаңтар 2014, 18:16

2-тәсілді білмейді екенмін. Тамаша!

+0
05 қаңтар 2014, 18:58

шарф таққанды ұнатушы ем, бәрін үйреніп алмасам

+0
06 қаңтар 2014, 09:03

Шарфты қалай байлау керектігін менің анамнан сұрау керек. Мынадай етіп байлайды :mrgreen:

+0
05 ақпан 2014, 17:19

кушти бәрі :o

+0
19 қараша 2014, 13:18

Керемет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.