Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Ерлерге ұнайтын әйелдер иіссуы

Ерлерге ұнайтын әйелдер иіссуы

Ерлерге ұнайтын әйелдер иіссуы

Парфюрмерия деген ұғым пайда болғалы бері, әйелдер қауымы "Жігіттерге ұнайтын иіссу қандай?" деген сұрақ төңірегінде ойлана бастады. Себебі, олар сол заманнан бері білектілерге ұнауға тырысып келеді. Әрине, барлық әйелдер еркектер үшін өмір сүрмейді, сәнденбейді. Әрбір әйелдің арманы – үйлесімде өмір сүру, өзінің сұлулығына, ерекшелігіне сену.

Нәзік жандыларымыз ілтипатқа, жақсы сөздерге, ықыласты комплименттерге құмар, тіпті, зәру десе де болады. Және олар мақсатына жету үшін, яғни, сұлулық үшін өзін құрбан етуге бар...

Осындай әйелдердің гардеробында ерекше орын алатындар: сәнді аксессуарлар, түрлі үлгідегі киімдер және иіссу. Тек қана шынайы әйелдікті түсінгендер ғана иіссуды дұрыс таңдайды, орнымен қолданады. Жігіттер қауымының пікірінше, олар сол иіс арқылы сұлу, нәзік, жас, энергияға бай болып көрінеді екен.

Таяуда ерлер арасында "Сізге ұнайтын әйелдер иіссуы қандай?" деген сұрақ төңірегінде сауалнама жүргізіледі. Олар төмендегі иіссулардың жағымды әсерлер беріп, қызығушылықтарын оятатындығын айтқан. Нәтижеге назар аударыңыз!


1. Kenzo L'eau par Kenzo. Бұл иісті таңдайтын әйелдер энергияға бай, көңілді жүретін, ашық мінезді, өзінің оптимистік қасиеттерімен, мықты денсаулығымен ерлердің жүрегін жаулап алуға болады. Және бизнеспен айналысатын ханымдарға жарасады. Бұл иіссуды сепкен қыздар өзіне сенімді, іскер болып көрінеді екен. Жалбыздың, ақ шабдалының, гүлді жұпар судың, жасыл сиреньннің, балқарағайдың, амариллистің иісі мүңкіп тұрады.

2. Donna Karan be Delicious. Бұл иіс алаңсыз жастық шақ ұғымымен салыстырылады. Жігіттер осы әтірдің қожайындарымен жақын араласқысы келетіндіктерін айтады.  Donna Karan be Delicious ұсынған иіссулардан алманың, грейпфруттың, інжугүлдің, шегіргүлдің, ақ қара майдың (смола) иісі шығады.

3. «Thierry Mugler Angel». Футуристік заманауи иістің иесі миллиондаған адамдардың ішінен дараланып тұрады. Яғни, ең ерекше иіс және таңдаушылары да тегін жандар емес. Олар сезім білдіруге келгенде қиналмайды, бостандықтың, тәуелсіздіктің дәмін біледі. Thierry Mugler Angel» иіссуынан ванильдің, шоколадтың, карамельдің, бергамоттың, мандаринның, шабдалының иісін сезуге болады.

4. «Lanvin Eclat d’Arpege». Ерлер осы иістен әйелдік, сезімталдылық сынды қасиеттерді сезеді. Жұмбақтықты байқайды. Ең алғашқы кездесуден-ақ нәзіктікті, тазалықты байқап, адалдыққа ұмтылады. Бүгінде әлемдік нарықтағы көшбасшы атанып жүрген иіссу заманауи әйелдерге сай келеді. Жасыл сиреньннің, сицилиялық лимонның, көк шәйдің, шабдалының, қызыл тәтті жұпар судың иісін байқауға болады.

5. «Nina Ricci Nina». "Қызыл алма" кейпінде шығарылатын иіссу жігіттің басын бір сәтте айналдырып алуы мүмкін. Қызыл алманың, лимон мен лаймның, жұпарсудың иісі шығады.

6. «Dolce Gabbana Light Blue». Осы иіспен дос әйелдер сізді кипаристі, күн шуақты, ыстық құмды, теңізді мекендерге саяхатқа шақырғандай болады. Оны таңдайтындар энергияға бай, қашанда өмірге риза болып жүретін әйелдер екен. Иіссудан бамбуктың, жасминның, ақ раушанның, сицилиялық лимонның, жұпарсудың иісі шығып тұрады.

7. «Chanel Coco mademoiselle». Жап-жас ару қыз. Салмақты шаш үлгісі мен киімі бар, болашақта ең сәнқой ханым бола алады. Оның алдында әлі де көп жолдар, қызметтер, бағындыратын белестер бар. Және әлі талай жүректерді жаулайды. Міне, аталған иіссу осындай әрекеттермен ассоцияланады. Жасмин және раушан гүлдерінің, піскен апельсин мен ванильдің иісіне тойдырады.

8. Versace Bright Crystal. Жігіттер бұл иіспен "шомылған" қыздардан нәзіктікті, қорғансыздықты, өмір сүйгіштікті байқайды. Анардың дәндерінің, ашылған лотос гүлінің, қыз ағаш пен амбраның, жұпарсудың иісі адамды еріксіз ертеді.

9. «Armand Basi in red». Бұл иісті қош көрген әйелдер ақыл тоқтатқан, өз ойларын анық жеткізе алатын, өзіне не керек екендігін білетін адам болып көрінеді. Және жігіттер олардың махаббатқа келгенде естен кетпес эмоциялар сыйлайтынын жақсы біледі. Жаңбырдан кейінгі жердің иісін, лалагүлдердің, раушанның, піскен мандаринның, кардамонның иісі сізге де ұнайтын болар?

10. «Armani code». Мына иіс жігіттердің өміріне әлдеқашан еніп қойған және жағымды әсер қалдырады. Атақты Armani брендінің парфюмдары бұрынғы ерлер иіссуына жұп ретінде жаңа әйелдер иіссуын шығарды. Сондықтан болар, жігіттер бұл иісті жатырқамайды, ескі танысындай көреді. Жасмин мен гүлдеген апельсинның иісін ванильдің, балдың иісі толықтырып тұрады.

Біздің тізім осындай... Жігіт, ал сізге әйелдердің қандай иіссуы ұнайды?

Әйелдерге ұнайтын ерлер иіссуын мына жерден оқи аласыздар.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: sunny7.ua

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 26 желтоқсан 2013, 18:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.