Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Сәнді сөмкелер

Сәнді сөмкелер

Сәнді сөмкелер

Қазірде сәнді трендтер маусым сайын емес, ай, апта сайын өзгеретін болды. Сіздер сәннен қалып қалмау үшін, біз күнделікті сән әлеміне шолу жасап отырамыз. Бүгінгі назарымызда сәнді сөмкелер топтамасы.

Күнделікті ұстауға болатын ыңғайлы сөмкелерден бастап, салтанатты кішкентай клатчтарға дейін қарастырайық.

Арқаға тағылатын сөмке өте ыңғайлы бұйым. Осындай бір арқа сөмкеңіз болса, оны әр маусымда киіміңізге үйлестіріп тағуыңызға болады. Әрине былғарыдан тігілген сөмке мата сөмкеге қарағанда сапалы болады, күздің жаңбырлы күндеріне де сай келеді. Сөмкені джинсы не тор шалбармен кисеңіз болады. Алайда арқа дорбасы тек спорттық стильдегі киіммен жарасады деген пікір қате, оны ойнақы көйлекпен де, кеңсе стилімен де үйлестіруге болады. 

Дорбалы сөмке сәнқой қыздар арасында үлкен сұранысқа ие. Бұндай пішінді сөмке ыңғайлы, іші әжептеуір үлкен, кітаптарыңыз бен қажетті ұсақ-түйектерді сыйдыра аласыз.

Қысқа сапты сөмке жаздан бері сәннен шығар емес. Мұндай түрлі сөмке әмбебап, ол күзгі қалың шалбармен, белдемшемен, пальтомен жақсы жарасады. 

Металлик түстес аксессуарлардың өзектілігі осымен бірнеше маусым сақталуда. Сондықтан сізде де осындай бір жылтыр сөмке болғаны дұрыс. Ол кешкі отырыстар мен салтанатты кештер кезінде бейнеңіздің сәніне айналады.

Портфель пішінді ұзын сапты сөмке де осымен бірнеше маусым трендте. Бұл сөмкенің іші үлкен, ұзын сабы тағуға ыңғайлы, ал түстерінің ассортименті әр сәнқой қызды қуантады.

Аң терілері, тонмен әшекейленген сөмкелер күзгі, қысқы бейнелермен жақсы жарасады. Жұмсақ аксессуарлардың түсті түрі қазір ерекше тренд саналады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: teenvogue.com

11972 8
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 19 қараша 2013, 19:35
Пікірлер
+0
19 қараша 2013, 20:06

Жылтыр сөмкеге көзім түсіп отыр )

+0
19 қараша 2013, 20:28

Біріншісі мен екіншісі ұнап қалды...

+0
19 қараша 2013, 20:30

барлыгыда унап тур))))

+0
19 қараша 2013, 21:22

Ешқайсысы ұнамады мына сөмкелердің.

+0
19 қараша 2013, 22:03

басты суреттегі сумка ұнады

+0
20 қараша 2013, 00:54

Маған екінші суреттегі сөмке ұнап тұр :)

+0
20 қараша 2013, 21:12

қысқа сапты сөмке алғым келеді

+0
21 қараша 2013, 14:09

1,3,4 ұнайд.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...