Ер мен әйел туралы

Ер мен әйел туралы
  • Махаббат байласып жүргенде ерлер әйелдерді жұлдыз, күн, періштеге теңейді. Ал үй болып шаңырақ көтергеннен кейін ерлер аспан әлемін жалғыз иелеп алған. Сүйген жары жерде жүреді.
  • Неке – қолшатыр сияқты. Боран-шашында, ыстық аптапта көп септігін тигізеді. Ал ашық күндері ол аяққа оралғы сияқтанып тұрады. Бірақ оны жоғалтып алу орны толмас өкінішке әкеліп соғады.
  • Жақсы әйел еркектің мектебі, жақсы әйел өз оқушысының мәңгі оқуы тауыспауын үміт етеді.
  • Екі адамның қосылуы бейне банктегі депозит сияқты. Қарсы жақтың артықшылығын бағалау арқылы кірісті толықтыруға болады, кемшілікті түзету арқылы шығынды тежеуге болады.
  • Әйел – пианино сияқты. Нағыз музкант келіп тартса, күй болып сайрайды.
  • Неке – қолдағы құм сияқты. Жұдырықты қанша қатты қысқаныңызбен, оның төгілуі сонша тездейді.
  • Әйел өз еркегінің үйленгеннен кейін іскер бола түсуін тілейді. Еркек өз әйелінің үйленгеннен кейін бұрынғыдай жайдары бола түсуін тілейді. Бірақ, бәрі керісінше.
  • Әйелдер күйеуге шыққанынша, болашағына алаңдайды. Еркектер бас құрағаннан кейін ғана болашағы туралы ойлай бастайды.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: yahoo.com

M. Auelkhan