- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ер мен әйел...
Ер мен әйел туралы
- Махаббат байласып жүргенде ерлер әйелдерді жұлдыз, күн, періштеге теңейді. Ал үй болып шаңырақ көтергеннен кейін ерлер аспан әлемін жалғыз иелеп алған. Сүйген жары жерде жүреді.
- Неке – қолшатыр сияқты. Боран-шашында, ыстық аптапта көп септігін тигізеді. Ал ашық күндері ол аяққа оралғы сияқтанып тұрады. Бірақ оны жоғалтып алу орны толмас өкінішке әкеліп соғады.
- Жақсы әйел еркектің мектебі, жақсы әйел өз оқушысының мәңгі оқуы тауыспауын үміт етеді.
- Екі адамның қосылуы бейне банктегі депозит сияқты. Қарсы жақтың артықшылығын бағалау арқылы кірісті толықтыруға болады, кемшілікті түзету арқылы шығынды тежеуге болады.
- Әйел – пианино сияқты. Нағыз музкант келіп тартса, күй болып сайрайды.
- Неке – қолдағы құм сияқты. Жұдырықты қанша қатты қысқаныңызбен, оның төгілуі сонша тездейді.
- Әйел өз еркегінің үйленгеннен кейін іскер бола түсуін тілейді. Еркек өз әйелінің үйленгеннен кейін бұрынғыдай жайдары бола түсуін тілейді. Бірақ, бәрі керісінше.
- Әйелдер күйеуге шыққанынша, болашағына алаңдайды. Еркектер бас құрағаннан кейін ғана болашағы туралы ойлай бастайды.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: yahoo.com
M. Auelkhan