8 наурыз: гүл таңдау өнері

8 наурыз: гүл таңдау өнері

Адамзат атаулыға, әсіресе қыз-келіншектер қауымына ерекше бір серпіліс пен қуаныш сыйлайтын көктем мерекелерінің бірі – 8 наурыз. Осы бір халықаралық әйеледер күні келіп жеткенде, әлі де аяз ызғары кетпеген көшелер кенеттен ең алғашқы көктем гүлдерінің иісі мен мереке себепкерлерінің сыңғырлаған күлкілеріне тола бастайды.              

Мереке қарсаңында өзара сыйластығымызды білдіру мақсатында бір-бірімізге гүл сыйлау дәстүрі ежелден бері қалыптасқан. Бұл – сезімдерімізді түртетін  сөзсіз керемет дәстүр. 8 наурыз мерекесінде бәрімізді ойландыратын мәселе : «Анама, әжеме, қызыма, құрбыма, әйеліме, сондай-ақ, жаныма жақын басқа да адамдарға қандай гүл сыйласам?» – деген сауал. Ендеше бірге жауап іздейік! Кейде сыйға тартатын гүлдерді  таңдау әжептеуір қиынға соғып жатады. Мұндайда гүлдің өзінің және түстерінің мағынасын біліп алған жөн.        

Гүлді түсіне қарап таңдау:                                                                           

Сарғылт түс - Шығыста тәкаппарлықтың, алып күштің, биліктің нышаны. Осыған байланысты сарғылт түсті гүл шоғын бастығыңызға сыйлағаныңыз дұрыс.                                                                                

Көк түс – Батыста сағыныштың, адалдықтың белгісі екен және оны әскерге кетіп жатқан ерлерге сыйлайтын көрінеді. Ал бізде көк гүлдерді  адамның ерекшелігін көрсету үшін тарту етеді.                  

Сары түс – жарықтың және күннің нышаны, сары түсті гүлдер мейірім мен жылулық тілеген адамдарға сыйланады. Дегенмен, біздің мәдениетімізде сары гүл сенімсіздіктің, опасыздықтың, айырылысудың нышаны деп қабылданды. Сондықтан жүрегімнің бойтұмары деп есептейтін жаныңызға сары түсті гүлдерді сыйламағаныңыз дұрыс.  

Ақ гүл − нәзіктіктің, тазалықтың нышаны. Біздің түсінігімізде ақ түс − жастықтың, пәктіктің белгісі және оларды үйлену тойына сыйлау дәстүрге айналған. Дала гүлдері: түймедақ, қынжыгүл (ландыш), бәйшешекті кез келген әйел затына ешқандай себепсіз тарту етсеңіз болады.

Ал қызыл түс − қарапайымдылық пен жастықтың белгісімен астасып жатыр. Ал қызыл түсті гүлдерді кез келген  жастағы адамға, кез келген жағдайда сыйласаңыз болады.                                     

Қызыл түс − махаббат түсі. Бірақ, қызыл түстің өзінің де әр түрлі реңдері бар, осы тұста қателесіп қалмаңыз! Ашық қызыл түсті гүлді ерекше жақсы көретін құрбыңызға немесе туысыңызға, ал қанық қызыл түсті гүлді тек сүйіктіңізге сыйлаған жөн.             

Гүлдердің  қандай мағына білдіретінін қарастырайық:             

 Қызыл қалампыр − ыстық сезімді білдіреді.  

 Ақ қалампыр − сенімділіктің нышаны, әрі  сағыныш белгісі.

 Сары қалампыр − жек көрудің нышаны.                                             

 

 Сүмбігүл (гиацинт) − көтеріңкі көңіл күй, әзілдесуге деген құлшыныс.

 

 

 

 Аққанат  (калла) гүлі - құрмет пен таңдану белгісі. 

 

 

 

 


 Сарыгүл (ирис)
 - достық, адалдық, құрметті білдіреді. 

 

 

 

 

 Фрезия гүлдері - бұл нәзік гүлдер тыныштық, сабырлық нышаны.                     

 

 

 

 Шырша − салтанат пен байлық.                                                  

 

 

 

 Лалагүл (лилия) – мейірімділіктің нышаны.                                        

 Ақ лалагүл – пәктік пен жастық.                      

 Көк лалагүл – жан тыныштығы.        

 Сары лалагүл –тәкаппарлық.                                                                        

 

 Кінәмшіл (мимоза) – қарапайымдылық, ұяңдық.                                         

 

 

 

 

 Ақ нәркес (нарцисс) – адалдық.                                                                     

 Сары нәркес (нарцисс) – өзімшілдік, өзіне жоғары баға беру.                    

 

 

 Орхидея – сыйластықтың куәгері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 Бәйшешек – жақсылыққа деген үміт.                                                    

 

 

 

 Роза – махаббаттың нышаны.

 Сары роза – сағыныштың нышаны.

 Ақ роза – сенім. 

 Қызыл роза – сезімді құпия білдіру.

 

 Қызғалдақ - өзара сыйластық.

 

 

 

 

 Фиалка – қарапайымдылық.

 Ақ фиалка – романтикалық армандар.

 

 

 

 

 Хризантема – қайғы, көбіне табытқа гүл шоқтарын дайындайды.

 

 

Мереке қарсаңындағы көктем гүлдері – тіршілік атаулының оянуы мен тек жақсылыққа деген үкілі үміттің нышаны деп жатамыз. Ендеше сіз сыйлаған гүлдер қуантқыңыз келген жанға ыстық сезімдер мен көтеріңкі көңіл-күй, шаттық ұялата білсін!

Суреттер:stihi.ru, yunphoto.net, keepflowers.ru, 1zoom.ru, sleepexpert.ru, liveinternet.ru, flower-fantasy.ru, daler.ru, newforum.gramota.ru, naturelifepark.com, geldik.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

С. А