Күздің салқын күндері баланы қалай киіндіру керек? Екі негізгі ереже

Күздің салқын күндері баланы қалай киіндіру керек? Екі негізгі ереже
Фото: michael podger, unsplash.com

Жылдың суық мерзімінде ата-ананы ойландыратын сұрақтың бірі — далаға шығарда баланы қалай киіндіру. Ол тонбауы да, терлемеуі де керек. Оған қоса, күзде ауа райы тұрақсыз: таңертең салқын болып тұрса, түстен кейін күн жылынып кетеді. Педиатрлар баланы жиі серуендеуге шығаруға кеңес береді. Яғни, құбылмалы ауа райы серуендеуден бас тартуға себеп емес. Сондықтан баланы дұрыс киіндіріп үйрену керек.

Бірінші ереже: көпқабаттылық

Тәжірибелі туристерде «үш қабат киім» түсінігі бар. Бұл дегеніміз, жинақта базалық (денеге жабысып тұратын), орташа қабат (жылытатын) және сыртқы (желден, суықтан қорғайтын) киім болуы керек. Тіпті, күн қатты суық емес болғанның өзінде көпқабаттылық принципін сақтаған жөн. Бір қалың киім кигізгеннен, екі жұқа киім кигізіп алыңыз. Содан соң ауа райына қарай бір қабат киімді шешіп немесе кигізіп қоясыз.

Екінші ереже: табиғи маталар

Салқын күндері баланың үстінде 2-3 қабаттан аз киім болмауы керек. Жылуды сақтау киім сапасына байланысты, сондықтан киім табиғи маталардан тігілген болуы керек: мақта, зығыр, акрил, жүн. Ал сыртқы киімнің жылытқышы бар арнайы материалдан тігілген түрін таңдаңыз.

Далаға шығарда баланың киімін түгелдей ауыстыру керек. Үйде киіп жүрген киімі, мысалы, майкасы терлегеннен аздап ылғалданып қалған болуы мүмкін.

А. Жапатова