- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Тәрбие тал бесіктен......
Тәрбие тал бесіктен...
Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады. Баланы бесіктен тәрбиелеу қажет.
Баланы бесікке салу дәстүрі баланың жетіліп, өсуіне септігін тигізеді. Ата- бабамыздан қалған мұраны одан әрі жалғастыру біздің еншімізде. Баланы бесікке саларда ауылдың аса құрметті анасы таңдап алынады. Көп бала өсіріп, тәрбиелеп ардақты анаға жас сәбиді бесікке салу рәсімі сеніп тапсырылады. Осылайша, қазақ халқы жас сәбиге асыл аналардың жолын берсін деген ниетпен ырымдаған.
Бесікке жатқан бала дені сау, ұйқысы тыныш, дүниетанымы кең, өмірге құштар болып өседі. Тілі де ерте шығып, балабақшаға барғанда қатарластарынан оқ бойы озық тұрады. Олай болуы орынды да. Өйткені, бесікте жатқан бала ана әлдиімен ұйықтап, ана әлдиімен оянады. Бала бесікте жатып әуезді әнді тыңдап қана қоймайды, бала қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі. Айналаны бағдарлайды, өмір сүру қағидаларымен танысады, ата-анасын, атасы мен апасын, бауырларын таниды. Олармен тілдесуді бастайды. Алғашқы айлардан бастап -ақ бала жекелеген буындарды айтып, сөйлей бастайды. Анасың еркелеткенін, кейіген сәттерін ажырата алады. Әкесінің жұмыстан келіп, құшағына алған сәттердің бәрі бала зердесінен өтеді. Уақыт келе, бала өскен сайын, көп нәрсені үйренуге айналадағы құбылыстарға зер сала бастайды. Баланы бесікке салып, өсіру аналарға көп көмек. Кейде ана бар шаруаға үлгере алмай жататыны бар. Жас баланы тамақтандырып, бесікке салып қойып, әлдилей отырып, тамақ әзірлеуге уақыт табуға болады. Дер кезінде қажетті істерді атқарып қойып, сәбимен ұзақ тілдесуді дағдыға айналдырған жөн.
Жолдаған: Ғалия Абилбакиева
Сурет: nappy-baby.org
М. Оңғарова