Жұптық мерейтойды атап өтуге бірнеше идея

Жұптық мерейтойды атап өтуге бірнеше идея

Үйлену тойының жылдығы — айтулы оқиға. Дәл осы күні сіздер шаңырақ көтеріп, жаңа өмір жолын бастадыңыздар. Ендеше, неліктен бұл ерекше күнді атап өтуді отбасылық дәстүрге айналдырмасқа?! Жұптық мерейтойды атап өтуге 15 идея ұсынамыз. Оның ішінен бірден бірнешеуін қолдануға болады.

1. Алғашқы кездесуді қайталаңыз. Мысалы, қандай кафеде отырдыңыздар және не тапсырыс бердіңіздер? Алғашқы кездесуде киноға барсаңыз, үйде мерекелік дастархан жайып, сол киноны қарауға болады.
2. Романтикалық кеш ұйымдастырыңыз.
3. Қала сыртынан үй жалдаңыз. Әдемі табиғат пен таза ауа керемет сезім сыйлары анық.
4. Жағымды естеліктермен байланысты көшелермен серуендеңіз. Мысалы, велосипед жалға алып, арнайы бағыт жасаңыз.
5. Сіз де, серігіңіз де мүлдем барып көрмеген қалаға қыдырып барыңыздар.
6. Ерекше дәстүр ойлап табыңыз. Мысалы, әр жылғы мерейтойда жаңа асүй тамағының дәмін көріп, естелікке селфи жасап, оны шығартып, альбомға жабыстыру немесе бір-біріңізге хат жазу.
7. Кәсіби суретші жалдап, әдемі түсірілім ұйымдастырыңыз.
8. Сүйікті тобыңыздың концертіне барыңыз. Қандай жанрдағы ән болса да, бірге баяу би (вальс) билеуді ұмытпаңыздар.
9. Ең әдемі әрі естелік суреттер мен видеолардан презентация жасаңыз.
10. SPA-процедураға барыңыз.
11. Жұптық мерейтой — шетелге шығуға керемет себеп. Мүмкіндік болса, бұрыннан армандаған елге саяхатқа шығыңыздар.
12. Армандарыңыздың бірін орындаңыздар. Мысалы, армандарыңыздың бірі — парашюттан секіру болса, оны мерейтойда орындау — керемет шешім.
13. Ойын-сауық саябағына барып, өздеріңізді қайтадан жасөспірім секілді сезініңіздер.
14. Бірге қандай да бір мастер-класқа қатысыңыздар. Мастер-класқа бару (би, йога, сурет салу, ағашпен жұмыс, қыш-құмыра жасау және т.б) — мерейтойды ерекше өткізудің және жаңа нәрсе үйренудің бір жолы.
15. Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер. Мысалы, серігіңіздің көптен бері алғысы келіп жүрген затын алып беріңіз.