Жігіттер бағалайтын қыз бойындағы қасиеттер

Жігіттер бағалайтын қыз бойындағы қасиеттер
Фото: massaget.kz

Жігіттер көрікті қыздарды ғана көзіне іледі десеңіз, мүлде қателесесіз. Әрине, сыртқы сұлулыққа мән береді, алайда ішкі сұлулық жігіттер үшін өте маңызды. Әр адамның бойында жақсы-жаман қасиеттері болады. Ол біреуге ұнаса, біреуге ұнамасы анық. Ендеше назарларыңызға жігіттер қауымының жоғары бағалайтын қыз бойындағы қасиеттерді ұсынамыз. 

Шынайылық. Шындығы аз қоғамда өмір сүрсек те, жігіттер қыздардың шынайы жүзін көруге асығады. Сондықтан сырттай ғана емес, іштей де шынайы болыңыз.

Әдеп. Жігіттер қыздың сыпайы, ұяң, ибалы болғанын қалайды. Өз орнымен сөз сөйлеп, артық қылық көрсетпесеңіз, ұпай сізде.

Нәзіктік. Жұмсақ мінезіңіз сізді нағыз нәзік ару етіп көрсетеді. Дөрекілік қыз баласына тән емес. Нәзік жандылардың ер адам алдындағы басты айырмашылығы да осы нәзіктік екенін ұмытпаңыз.

Ақыл. Жігіттер қыздың сұлулығымен қатар айтқан сөзіне де аса мән береді. Сөз – сіздің ішкі айнаңыз. Сондықтан ақылмен сөз сөйлесеңіз, оның алдында сіздің парасаттылығыңыз арта түспек.

Ұқыптылық. Ісіне ұқыпты кісіні көпшілік ұнатады. Ал жігіттер қыздың барлық іске ұқыпты, таза болғанын қалайды.

Сабыр. Жігіттер қауымын табанды, мақсатты, қайсар қыздар да елең еткізбей қоймайды. Сіздің сабырыңыз бен төзіміңіз оны таң қалдыратын болса, ол сіздің осы қасиетіңізді өте жоғары бағалайды деген сөз. Яғни орынсыз ашуланбайтын және жігітін көп ашуландырмайтын аруды бәрі де ұнатады. 

Іскерлік. Жігіттер іскер яғни білімді, өзін-өзі жақ-жақты дамытқан, әрдайым жаңа дүниені тануға қызығушылығы артып жүретін аруларды жоғары бағалайды. Тіпті сізге толықтай сенім артып, сіздің артыңыздан еруі де ғажап емес.

Қалай ойлайсыз, жігітіңізге сіздің қай қасиетіңіз ұнайды? Пікірге жаза кетіңіз.

Н. Үсенова