- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ана сүтін ешкі...
Ана сүтін ешкі сүтімен алмастыруға бола ма?
Жаңа туған нәрестеге ана сүтінен асқан азық жоқ екені белгілі. Алайда анасы белгілі себептермен баласына омырау сүтін бере алмаса ше? Оған балама ретінде ешкі сүтін берген абзал.
Ешкі сүтінің арқасында нәресте салмақты жақсы қосады
Ешкі сүті балаға жақсы сіңеді, аллергия туғызбайды. Ол үшін ыстық сүт пен ыстық суды 1:5 қатынасында қосып беру керек. Бұл 1,5 жасқа дейінгі балаларға арналған мөлшер. Жасқа толмаған балаларға ешкі сүті негізінде жасалған қоспа берген дұрыс.
Ешкі сүтінде лактоза аз
Құрамында сүт қанты аз болғандықтан, баланың ұйқы безінде де проблема болмайды. Екі жастан бастап оны қайнаған сумен 1:2 қатынасында беруге де болады. Үйде ешкі болмаса, сүтті өзіңіз толық сенетін адамнан ғана алу керек, ал пісіргеннен кейін міндетті түрде көбігін алып тастау қажет.
Сүт құрамындағы пайдалы таурин аминқышқылы баланың иммунитетін жақсартып, өсуі мен дамуына көмектеседі. Тұмау болса, инфекция тараса, онымен жақсы күреседі.
Ешкі сүтін ішіп өскен баланың тісі тез шығады, сау әрі берік болады. Өйткені бұл сүт А, В дәрумендерін, калий мен кальцийді жақсы сіңіреді. Ағзаға тез сіңетіндіктен ешкі сүтін ішкен бала жиі құспайды.
Ешкі сүтін дұрыс бере білсеңіз, ол ешқандай аллергияға жол бермейді. Дерматит, диатез кезінде де осы сүт көмектеседі.
Қалай берген дұрыс?
Алты айға толмаған бала омырау еме алмаса, оған қоспа берген абзал. Алты айдан асқан балаға ғана ешкі сүтін бір шай қасықтан беріп бастап, ағзасын ақырын үйреткен жөн. Уақыт өткен сайын аз-аздан мөлшерін көбейтіп отырып бір жасқа жеткенде 100 мл дейін беруге болады, бір жарым жасқа келгенде бұл көрсеткішті 200 мл-ге көбейтсеңіз болады. Оны да ыстық сумен 1:5 қатынасында қосып бересіз. Екі жаста 1:2 қатынасында 200-250 мл, 3 жасында 400 мл сүтке дейін көбейтесіз.
Бала ботқа жеуге үйренген кезде ботқаға қосатын майды ешкі сүтімен алмастырсаңыз болады. Балаға беретін ешкі сүтін тоңазытқышта не мұздатқышта 24 сағаттан аса сақтауға болмайды.
@. @assel_assanova