Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Тату отбасы құпиясы: Сананы тұрмыс билемесін десеңіз...

Тату отбасы құпиясы: Сананы тұрмыс билемесін десеңіз...

Тату отбасы құпиясы: Сананы тұрмыс билемесін десеңіз...

Ең бақытты жұптың өзі күніне бір мәрте болса да ұрысатын себеп табады. Неге тұрмыстық жағдайлар отбасын ойрандайды, қарым қатынаста тепе-теңдікті қалай сақтауға болады? Бұл сұрақтар кез келген адамды ойландырады.

Отбасылық өмірді тұмандандыратын не? Жігіт пен қыз боп жүргенде барлығы тамаша болады, уақыт өте келе өмірдің келесі кезеңіне аяқ басып, бірге тұруы керек. Отбасылық өмірдің ыстық, суығы басылғаннан кейін арада түсініспеушілік туындап, бұрын көрмеген қырларын тани бастайды. Әйелі ыдысты жумайды, күйеуі қоқысты төкпейді, жұмыстан шаршап келгенде үй жиналмайды... Осы секілді ұсақ-түйектер жүйкені жұқартып, негатив жинала береді, бір күні біреуі "жарылады". Әрине, ұрыс-керіс бір ғана себептен туындамайды.

Бір шаңырақ астында тұрғанда ең көп кездесетін мәселе – қаржылық жағдай. Пәтер ақысын төлеу, күнделікті ішіп-жеуің, киім-кешегің, керек-жарағың – барлығына бірдей ақша керек. Есеп жүргізбесе, қажеттіліктің барлығына бірдей жеткізу мүмкін емес. Осылай тағы да жанжал шығаруға себеп табылады. Әйелі "аз ақша табасың" дейді, күйеуі "берекесін келтіріп жұмсай алмайсың" дейді. Осылай күн сайын ұрыс-керіспен өмір сүруден екеуі де шаршап, екң жаққа кетіп тынуы мүмкін.

Тұрмыстық жағдайларға байланысты келіспеушілік тумауы үшін бірнеше ереже жасауға болады. Ең басында барлығын ақылдасып, әркім өзі жауапты істерді бөліп алғаны жөн. Ұсақ түйектердің жанында қарым-қатынасты сақтап қалу маңызды екенін естен шығармай, мәселені айқай-шусыз шешу.

Адамдар неге жанжалдасады? Мәселе туғанда барлығы бірдей шешімін табуға тырыспайды. Көпшілігі әдіптің артын бағып, соңына дейін шыдап келеді де, шыдам шегіне жеткенде барып шу шығарады. Кез келген түйткілді мәселені дереу шешіп алған жөн және ескі өкпе-наздың бәрін қозғамай, ең маңызды деген мәселені сөз етіп, басқа кемшіліктерін бетіне баспай, бір-біріне мін тақпай, ұрыс-керіссіз, бәсең дауыспен сөйлесе отырып шешімін тапқан дұрыс.

Ал қаржылық жағдайға келер болсақ, тұрмыс құрмай тұрып шамамен қандай жағдайда өмір сүретініңді болжап, сол жайға көндіге алатындай болған кезде ғана шешім қабылдау керек. Егер болшақ жарыңыз ауадан да ақша жасайтын ірі кәсіпкер болмаса, үйленгеннен кейін бәрі өзгереді, ақшасы көбейеді деп ертегі құрастырудың қажеті жоқ.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 08 қараша, 18:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.