- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Көктайғақтан сақтанайық...
Көктайғақтан сақтанайық
Қыстың жағымсыз қасиеттерінің бірі - көктайғақтың уақыты келді. Мұзда құлап қалу ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. Сол себепті одан сақтану шараларын қолға алайық.
- Сонымен көктайғақта құламаймын десеңіз, арнайы табаны кедір-бұдыр аяқ киім алған жөн.
- Өкшесі биік етікте құлау мүмкіндігіңіз жоғары екенін ескеріңіз.
Етігіңіз бәрібір тайғанап жүрсе, мына кеңестерді қолданып көріңіз.
- Етігіңізді алдын ала етікшіге апаруыңызға болады. Ол табанына арнайы резеңке жабыстырып, оны тайғанамайтындай қылады.
- Кейбіреулер аяқ киім табанына лейкопластырь жабыстырады. Бірақ ол 3-5 күнге ғана сақталады.
- Өкшесіз жүре алмайтын аруларға өкшесінің астына киіз кесегін жабыстырып алуға кеңес береміз.
- Ескі әдістердің бірі - шығар алдында табанды картоппен ысқылап сүрту.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: hudyashka.ru
С. А