Балаға емізік зиян ба?

Балаға емізік зиян ба?

Балаға емізік емізудің артықшылықтары мен кемшіліктері қатар жүреді. Емізікті беру-бермеу жөнінде дәрігерлердің пікірі қай кезде де бір жерден шықпаған. Тіс дәрігерлердің көпшілігі емізік тіс-жақ жүйесінің қалыптасуы кезіндегі ақаулардың пайда болуына тікелей себепші көреді. Сондықтан оны қолдануға тиым салады. Ал енді бір бөлігі емізіктің бұл процеске ешқандай зиянды әсері жоқ деп есептейді.

Невропатологтар мен психологтар баланың емізікті үздіксіз аузынан түсірмеуі ешқандай жақсылыққа алып бармайды дейді. Алайда өмірінің алғашқы 6 айының соңы мен екінші жарты жылының басында баланың аузы айналадағы заттардың қасиетін зерттеу құралы болып табылады. Осы ретте мамандар нәрестенің ояу кезінде аузынан үнемі емізікті түсірмеуі – оның ақыл ойы мен психикалық дамуына кесір әсерін тигізеді.

Егер де нәресте ішіне газдың жиналуынан қиналса немесе қатты ызаланып, тынышы кетіп, ұйықтай алмай жылаған кездерінде әсері осы емізікке тең келетін ештеңе де жоқ. Бірақ бұл жағдайда бір нәрсені ұмытпау қажет. Емізікті аса бір қажеттілік тумаса, баланың аузына керекті-керексіз сала беруге болмайды.

Емізіктің тағы бір пайдасы – кейбір балалар саусақ соруды ұнатады. Олар үшін саусағын сору – өзін-өзі алдандырудың ең жақсы тәсілі. Алайда саусақ сору шын мәнінде зиянды әдет. Себебі ол кейін тістердің қисайып өсуіне алып келеді. Балалар саусағын сорған кезде оны аузына терең тығып, өсіп келе жатқан тістерді басып-жаншып, оны артқа қарай қисайтып жібереді. Емізіктің осы тұста пайдасы – тісті осындай қысымдардан сақтап қалады.

Мамандар саусақ сору секілді жаман әдеттен арылтудың амалы ретінде нәрестені ұзақ емізуді ұсынады.  Саусақ сорудың ең басты себебі – бөбектің ана сүтін ему кезіндегі қуанышқа толы сезімінің әбден қанағаттанбаған күйі кенеттен доғарылып қалатындығында.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді