Шаңырағым шайқалмасын десеңіз...

Шаңырағым шайқалмасын десеңіз...

Ер адамның басын төрге де, көрге де сүйрейтін әйел адам екені белгілі. Шаңырақтың шайқалмай, түтіні түзу ұшуы да үйдегі отанасына байланысты. Отбасын сақтап қалуы үшін әйел заты біраз нәрсені құрбан етуге де барады. Некені бұзбай, берік ете түсемін деген әйел заты мынадай келеңсіздіктерге жол бермеуі тиіс.

Жоқтан – бар

Бір дана ана былай деген екен: «Әйел ретіндегі сенің ең қайырлы ісің – барымен базар боп өмір сүру». Өз азаматыңыз аз тапса да, көп тапса да, барына шүкір деп, қанағат қылып, далаға шашпай, үйге әкелген нәпақасының берекесін кіргізу әйел адамға байланысты. Оның жұмысын, еңбегін бағалайтыныңызды сәт сайын көрсетіп отырыңыз. Отбасылық бюджетіңізді барынша пайдалы жағына жоспарлай біліңіз. Маңдай термен келген әр тиынды орны-орнымен қолдануға дағдалыныңыз.

Үнемі жоқ деп жылай берсеңіз, одан сайын жоғала береді, оның орнына отбасын аш-жалаңаш қалдырмай, қолынан келгенінша асырап-бағып жүрген ер азаматыңызға алғыс айтып отырған абзал. Бірнеше ай бойы бір әдемі сөмкеге қолыңыз жетпей, армандап жүрген боларсыз, бірақ бұл сіздің отбасыңыздың бақытынан, еріңіздің разылығынан маңызды ма?

Ештеңеге көңіл толмау

Үйіңіз үнемі шашылып жатады, көршілер де үнемі шулап жүреді, әріптестеріңізбен де тіл табыса алмайсыз, балаңыз да мазасызданып шырылдай береді, сырт келбетіңізге де көңіліңіз толмайды – осының барлығы жүйкеңізді жұқартып жіберді ме? Үйге күйеуіңіз келгенде осының барлығына жиналып қалған ашуды күйеу арқылы шығарып алғаныңызды да байқамай қаласыз. Өзіңізді оның орнына қойып көріңізші. Негативке толған аурада ол өзін қалай сезінеді? Сізге барынша көмектескісі келсе де, сіздің ашуыңыздың, өкпеңіздің шегі жоқ.

Әр ер адам өз зайыбының бақытты күн кешкенін қалайды. Ал сіздің мына түріңізді көріп ол нені  дұрыс істмедім деп өзін кінәлап, іштей жанын жегідей жеуі мүмкін. Өзіңізбен бірге оны да құрдымға алып кеткіңіз келмесе, барлық іске позитивті көзқарас танытуға тырысыңыз. Бақыт та, бақытсыздық та бір күнмен өлшенбейді ғой. Бірер күн туған көлеңкелі күнге бола отбасыңыздың берекесін кетірмегейсіз.

Жарыңыз нешінші орында?

Сіз үшін ең бастысы не? Ата-анаңыз, достарыңыз, өзіңізді дамыту, еңбек жолы? Ал күйеуіңіз ше? Өміріңізде оның орны қай жерде, ең соңғы орын емес пе? Күндердің күнінде «сенің маған бар-жоғың бәрібір» деуге дейін жетесіз. Ал бірнеше жылдан кейін ол сізге осылай айтса ше? Өзіңізді бағалауыңызға қаншалықты әсер етер еді?

Өмірде ер азаматыңыз ең бірінші орында тұруы керек, тіпті балаларға қарағанда жарыңызға деген махаббатыңыз күштірек болса, бәрі де жақсы болады. Кейбіреулер бұл пікірмен келіспеуі мүмкін, алайда бақытты жанұяның сыры осында жатыр.

Қашқақтау

Ол сізбен бірге болып, сырын бөлісіп, қарапайым бір күні қалай өткенін баяндап әңгімелескісі келген кезде «басым ауырып тұр», «шаршап тұрмын» деген секілді сылтауларыңыз дайын тұрса не жай ғана бағамды біліп жүрсін деп өзіңізді одан алшақ ұстасаңыз, керісінше алыстаған үстіне алыстай түсесіз. Неше жасқа келсеңіздер де еріңізге бар назарыңызды бөлуге тырысыңыз.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді